Коммуналдық қызмет тарифтері қымбаттайды
Елімізде келесі айдан бастап, коммуналық қызмет тарифтері орта есеппен 3 жарым пайызға өсетін болды. Мұны мамандар еліміздегі көмір, газ бен электр энергиясы бағаларының өсуімен байланыстырады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.08.2021
Мәселен жылу мен электр энергия тарифінің тең жартысын оларды өндіруде қолданылатын шикізат құны құрайды. Газ тарифінің 80 пайызын сол газдың көтерме бағасы алып тұр. Энергия өндуріші мекемелердің өзі қолданатын электр энергиясының құны 15 пайызға өсіпті. Жарық, жылу және су жүйелерін қалыпта ұстап отыру шығыны да тарифке енеді. Жыл сайын аздап болса да өсетін көмір бағасының да бұған әсері бар екен. Десе де, Энергетика минстрілігі коммуналдық қызмет тарифтері жыл соңына дейін осы деңгейде қалады деп сендіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!