{metadescription}
Қытайлық Vero Сell вакцинасы барлық өңірде бар
Қытайлық Vero Сell вакцинасы барлық өңірде бар

Қытайлық Vero Сell вакцинасы барлық өңірде бар

Қытайлық Vero Сell вакцинасының алғашқы партиясы еліміздің барлық өңіріне жеткізілді. Sinopharm компаниясының өнімін кей өңірлер тек созылмалы ауруы бар қарт кісілерге ғана салып жатыр. Жалпы, қытайлық екпеге көпшіліктің көзқарасы оң. Осы вакцинаны асыға күткендер де көп болып шықты.

Өйткені, қытайлық екпе салдырғандар шетелге ПТР тестсіз емін-еркін шыға алады. Оған қоса, Vero Сell Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресми түрде тіркелген.

Қарағанды облысына қытайлық Vero Сell вакцинасының 40 мың дозасы жетті. Бірақ бұл вакцина тек созылмалы ауруы бар диспансерлік есепте тұрған зейнеткерлер ғана егіледі. Себебі вакцина құрылымы басқалармен салыстырғаеда жеңілдетілген

Райса Бектемірова, Қарағанды қалалық №1 емханасының бөлім меңгерушісі:

- Инактивированный деген, вирустың патогеннді агентін өлтіреді да бірақ та ол антидене шығаратын қасиеті қалады. Жеңілдік дегені жаңағы адамға салғанда реакциясы аздау.  Вакина келместен бұрын талай адам келіп, неге бізге салмайсыздар, неге кәрі адамға саласыздар деп, біз оларға түсіндіріп жатырмыз. 

Қарағандылықтар кесел қытайдан тарады деген деректің әсерінен бе, әлде қытай медицинасының мысы басым санайтындықтан ба осы елдің вакцинасына ерекше ықылас білдіреді. Мұнда шілде айында Хаят вакСты алуға талас та болған. Сондықтан вероселді  естіген созылмалы ауруы жоқтар да осы екпені алуға ұмтылып жатыр екен.

Ал  жаңа вакцинаның келген көлемі диспансерлік есепте тұрғандардың өзіне жетпейді екен. Облыс үшін  ағзасында ақауы бар 20 мың зейнеткерді егу аз көрсеткіш екенін дәрігерлер мойындайды. Сондықтан әзірге емханаға келіп үлгергендері ғана егілмек.

VeroCell вакцинасын қабылдауға Жамбыл жұрты аса құлшысыныс танытып жатқан жоқ. Тұрғындар жаңа екепеге үрке қарай ма, әлде оның бар екенінен бейхабар ма, ол жағы белгісіз. Бір күнде Қытайлық Синофарм компаниясының өнімін бар болғаны 133 адам қабылдаған.

VeroCell вакцинасы екі күн бұрын өңірге жеткізіліп, Тараз қаласы мен барлық он ауданның емдеу мекемелеріне жөнелтілген. Бұл аймаққа келген екпенің бесінші түрі. Тұрғындар оның қайсысын салғысса да енді өз еркі. Дегенмен Веросел препаратын арнайы күткендер де бар болып шықты. Өзгелеріне сенімсіздік танытқан Жанар Шағамбаева, қытайлық екпені әбден зерттеген екен. Сөйтіп ой-елегінен өткізіп барып, вакцинаның осы түрін қабылдауды ұйғарыпты.

Жанар Шағамбаева, Тараз қаласының тұрғыны:

- Веросел вакцинасын мұқият зерттедім. Мен негізі Хаятвак салғызғым келген. Сөйтсем веросел оның баламысы екен. Білмеймін, әйтеуір көңілім соны қалады. Және оның вирусқа қарсы тұруға қауқары күшті дегенді оқығанмын. Сосын осы екпені алуды ұйғардым. 

Өңірге VeroCell-дің алғашқы 22 мыңға жуық дозасы жеткізілген. Екінші компаненті 21 күнен кейін болады. Жалпы бұл препарат жасы 18-ден асқандарға ғана салынады.

Жамбыл облысының 300 мыңнан аса тұрғыны екпенің бірінші компанентін алып үлгерген. Екеуін де салдырғандар саны 250 мыңға жуықтайды. Вакцина қабылдағандырдың көш басында білім мен медицина саласының қызметкерлері тұр.

Алматыға коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның тағы 35 мың дозасы бүгін барлық екпе егу пунктеріне таратылды. Апта басында Vero Сell-дің 10 мың дозасы әкелінген еді. Сол уақыттан бері қалада аталған вакцинаны салдырғандардың саны 4 мың адамға жуықтады. Sinopharm компаниясының өнімі келгелі вакцинация орталықтары жанданды.

Қазір шаһарда екпе салдыруға арналған 160 орын бар. Барлық жерде адам саны көбейген. Дәрігерлер қытайлық вакцинаға деген сұраныс күрт артқанын айтады. Оған басты себеп - Vero Сell-дің Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымында ресми түрде тіркелгені. Яғни, осы екпені алған адамдар ПТР тестсіз шетелге емін-еркін шыға береді. Оған қоса, әлемдік ғалымдар зерттеу барысында Vero Сell-дің індетпен күресте 79 пайызға тиімді екенін көрсеткен.

Сәлима Төребекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Осы вакцинаның Қазақстанға келіп, емханада салу кезегін күттім. Барлық вакцинаны оқып, зерттеп қайсысы маған жақсырақ екенін таңдадым. Қытайға көбірек сенемін. Өйткені, ол жақта дұрыс істемесе өлім жазасы бар. Барлығын дұрыс жасауға тырысады.

Қазақстан осы Sinopharm компаниясының екпесінің 4 миллион дозасын сатып алған еді. Елге әзірге бірінші партиясы яғни миллион дозасы жеткізілді. Қалған бөлігі алдағы уақытта рет-ретімен әкелу жоспарланған.

Тұрсынгүл Рахметова, эпидемиолог:

- Өлтірілген вакцина болып есептелінеді. Оның жанама әсері өте аз деп жазылады барлық анықтамаларда.Адам ағзасында ауруға қарсы тұру мақсатында жасалынған. Сондықтан 18 бен 60 жас аралалығындағы адамдарға егілуге ұсынылған препарат. 21 және 28 күн аралығында екінші доза салынады. Екі дозалы.

Қазір отандастарымыз қауіпті кеселге қарсы үш түрлі вакцинаны таңдау мүмкіндігіне ие. Ол отандық QazVac, ресейлік Спутник V және осы қытайлық Vero Сell. Республика бойынша екпенің екі бірдей компонентін салдырған адамдардың саны әзірге 5 млн-ға жуықтады.Вакциналау қарқыны өте төмен өңірлердің қатарына Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстары кірген. Өкінішке қарай, елімізде кесел де күннен күнге күшейіп барады. Мәселен,соңғы тәулікте 7 мыңннан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырса, аурудан 135 адам ажал құшқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде