{metadescription}
Телефон кесірінен тірідей өртеніп кете жаздады
Телефон кесірінен тірідей өртеніп кете жаздады

Телефон кесірінен тірідей өртеніп кете жаздады

Павлодарда ұялы телефонның кесірінен 19 жастағы бойжеткен тірідей өртеніп кете жаздады. Құтқарушылар тұтанған телефоннан күйіп қалған аруды ауруханаға жеткізді.

Тергеушілер телефон маркасын анықтай алмады. Өйткені ол кара күйе кесекке айналған. Сөйтсе бойжеткен ұйықтар алдында төсегіне алып жатқан телефонды қуаттауға қойған екен. Ары қарай не болғанын әлі анықтау қажет. Тұтанған от алдымен көрпе жастыққа сосын, үй жиһаздарына түсіпті. Бөлмедегі 20 шары метр жер күлге айналған.

Эльмира Темірғалиева, Павлодар облыстық ДСБ баспасөз хатшысы: 

- 2002 жылы туылған зардап шегуші ауруханаға жедел жәрдеммен жекізілді. Күйік шалу бөліміне түсті. Қол- аяғы, басы мен мойныны күйіп қалған. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде