{metadescription}
13 жасар қыз суға кетіп, ажал құшты
13 жасар қыз суға кетіп, ажал құшты

13 жасар қыз суға кетіп, ажал құшты

Елордада 13 жасар қыз бала Есіл өзеніне суға кетіп, ажал құшты. Әкесімен, бауырларымен бірге демалып жүрген жерінен аяқасты қайғылы жағдайға душар болған. Негізі, қайғылы оқиға болған аймақта суға түсуге рұқсат жоқ екен.

Төтенше жағдайлар департаменті өзгелерге сабақ болсын деген оймен қыз баланың денесін судан алып шыққан сәтін де жариялады. Оқиға кеше кешкі сағат алтыдан өте болған. Төрт бірдей сүңгуір су түбін шарлап жүріп, қыздың денесін екі сағат шамасында алып шыққан. Айта кетейік, биыл суға түсу маусымы басталғалы қала аумағында 9 адам суға кеткен. Оның бесеуі балалар. Қалада суға түсуге рұқсат етілген төрт жер ғана бар. Ал қайғылы жағдайдың бәрі тыйым салынған орындарда тіркеліпті. Мына оқиға да құрылыс жүріп жатқан, рұқсат етілмеген жер екен.

Аягөз Фазылова, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз хатшысы:

- Бұл өзеннің бойында бұл қыз әкесімен болған. Және де бауырларымен болған. Ол 2013 және 2011 жылы туған бауырларымен болған. Сол жерге демалуға барды ма, суға түсуге барды ма, ол жерде қазба жұмыстары жаңа жүргізіліп жатқанынан қарамастан, ескерту белгілеріне қарамастан айналып барып шетіне түсіп жүрген кезінде осындай оқыс оқиға болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде