Көрсеткіш көңіл көншітпесе де қомақты сыйақы төленбек
Көрсеткіш көңіл көншітпесе де қомақты сыйақы төленбек. Токио Олимпиадасында жүлделі орын алып, ерекше көзге түскен спортшылар мен жаттықтырушыларға жалпы көлемі 577 миллион теңге берілгелі отыр. Қаулыға сәйкес жарты миллиардтан астам қаражат Үкімет резервінен бөлінеді.
Автор: Мақсат Мәлік
19.08.2021
Токио Олимпиадасында төртінші және бесінші орыннан көрінген спортшыға да сыйақы беріледі. Мәселен, теннистен төртінші орынға тұрақтаған Елена Рыбакина 12 миллион 733 мың теңге алса, бесінші орынды місе тұтқан 5 спортшы 4 миллион теңгеден қалталарына салады. Бұл спортшылардың бапкерлері де миллиондап сыйақы төленетін тізімге енген. Ал қола медаль иеленген 8 жерлесіміздің әрқайсы 32 миллион теңгеге жуық сыйақы алады. Жүлдеге іліккен спортшылардың алғашқы, жеке бапкерлерімен қатар ұлттық құрама команда жаттықтырушысы да құр алақан қалмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!