Наубайханашылардың қулығын әшкерелеген
Тараз тұрғыны наубайханашылардың қулығын әшкерледім дейді. Фатима Еркебекованың сөзінше, олар әлеуемттік нанды салмағына жеткізбей сатып жатыр екен. Өзі бұл бассыздыққа бірнеше мәрте көз жеткізгенін айтады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.08.2021
- 534, төртінші нан. Халықты алдап жатыр.
Құрбысын ертіп алған Фатима Еркебекова ерінбей әр дүкенді аралап, әлеуметтік нанды таразыға тартып көрген. Сөйтсе ешбірінің салмағы 600 грамға жетпеген. Бұған наразылық білдірген тұрғын нәубайханашылар жұртты алдап отыр деп санайды. Ол ас атасының өлшемі әр түрлі болғандықтан, бағасы да соған сәйкес болуы тиіс деп есептейді. Яғни, бір бөлкеге 90 теңге деп бекітілген бағаны өнімнің жеңілдігіне қарай арзандату керек деген пікірде. Ал, ауылшаруашылығы басқармасының өкілдері наубайшылар тұрғындарды алдаған жоқ дейді. Өйткені талап бойынша олар әлеуметтік нанды 300 бен 600 гарамм аралығында пісіріп сатуға құқылы көрінеді. Сондықтан наразылық білдірген тұрғын тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне шағымданса да, бұл іс қарауға жатпайды екен.
Марас Сейдібаев, Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Бұл жерде заңсыз әрекет жасады дегенге негіз жоқ. Шағымданған жағдайдың өзінде 600 деп жариялап, одан төмен сатылған жағдай болса, әрине ол кезде қаралуы тиіс. 500 бен 550 Қазақстан бойынша нанның салмағы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!