{metadescription}
Маңғыстауда қуаңшылықтан төрт-түлік қырылып жатыр
Маңғыстауда қуаңшылықтан төрт-түлік қырылып жатыр

Маңғыстауда қуаңшылықтан төрт-түлік қырылып жатыр

Маңғыстаулық шаруалар қуаңшылықтан төрт-түлігі түгел қырылып қалмас үшін малын өзге өңірлерге көшіріп жатыр. Басым көпшілігі Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Оралға бағыт алған. Бұл малды аман алып қалудың бір жолы, дейді шаруалар. Жем мен шөптің жетіспеушілігінен Маңғыстауда әліге дейін мал қынадай қырылуда.

Тұрғындар күн сайын әлсіреп, әлі кеткен малды әлеуметтік желіге салып әлек. Үкімет бөлген 5 млрд теңгені Маңғыстау әкімдігі шаруаларға үлестірудің жолын таппай отыр.

Міне, Маңғыстауда жұт жоқ деген адамға көрсетейінші осы видеоны. Ар жақтарда да жатыр...

Әлеуметтік желіде желдей ескен бұл видео қазіргі Маңғыстау даласындағы жағдайды көрсетеді. Биылғы қуаңшылықтың жемісі. Ел арасында мұны жұт дейді. Бірақ билік жұтты жоқ дейді. «Қабырғасы көрініп, құр сүлдері қалған жануарды аяғаннан басқа амал жоқ. Қанша баптасаң да енді қайта қатарға қосылуы екіталай», дейді шаруалар. Ендігі ойлағандары қолда бар малын аман алып қалу. Сол үшін кейбірі төрт-түлігін өзге өңірлерге көшіріп әлек.  

Шадрах Ермекбайұлы, шаруа:

- Менің өзімнен биылдыққа 7-8 бас кетіп қалды.Төрт үйір жылқымды және сәйгүлік аттарымды Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шағатай ауылына жібердім. Жібермес бұрын осы облысты аралап қайтқанмын ерінбей. Сол уақытта ана жерде көргенде көзіңе жас келеді. Дым жоқ жерде. Қу тақыр. Сосын ойладым биыл да ештеңе болмайды.

Ал төрт-түлігін басқа өңірге апара алмаған шаруалар қазір қыстан аман шығуды уайымдап отыр. Себебі, дұрыс жем-шөп жемеген көтерем мал күн суықта тіпті құлап қалуы мүмкін дейді. Ресми мәліметке сүйенсек өңірдегі малды қыстан аман шығару үшін 77 мың тонна шөп пен 53 мың тонна жем қажет екен. Әкімдік енді үкіметтің бөлген қаржысын қажыған шаруаларға үлестіру үшін әлі оператор таппай отыр.

Серікбай  Трұмов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Қыстан шығу үшін 77 мың тонна шөп қажет және 53 мың тоннадай жем қажет. Шөп пен жемді қысқа тасып алып арнайы аудандарымыздағы базаларда жасақтау үшін қор жасақтау үшін біз осы қаражатты қазір Үкімет басшысының Маңғыстауға келген сапарына арнайы тапсырмасына сәйкес 5 млрд 300 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Біз енді осы қаражатты қазір СПК «Каспий» арқылы тиісті қаражатты бөліп жатырмыз. Бұған да біз арнайы оператор белгілейміз.

Қуаңшылықтан зардап шегіп далада жатқан малға еріктілер су беріп әлек болуда. Кейбір мал орнынан тұрса, енді бірі сол жерде өліп кететінін айтады.

- Жылқылар өліп жатыр

Олар ашқан арнайы есепшотқа тек Маңғыстау емес, басқа облыстардан, тіпті көрші елдерден қаражат жіберіп жатыр. Осы уақытқа дейін 2 млннің өнімін шаруаларға таратқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде