Қазақстан тәліптердің билігін мойындауға асықпайды
Қазақстан тәліптердің билігін мойындауға асықпайды. Дегенмен, Ауғанстандағы елшілік осы ұйым жасақтарының күзетінде. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Талибан қауіпсіздікке кепілдік берген. Қазір Ауғанстанда тұрып жатқан 13 қазақ отбасын елге қайтару мәселесі де қарастырылып жатыр.
Автор: Cаят Дәулетжанұлы
20.08.2021
Дегенмен, жаңа билікпен бұл мәселе әлі талқыланбаған. Ал Біріккен ұлттар ұйымы Ауғаныстандағы қызметкерлерінің көбін Алматыға әкеліп алды. Елімізбен арадағы келісімге сәйкес олар енді Алматыдағы кеңселерінде жұмысын жалғастырмақ.
Кабулға тәліптер басып кіргенде Қазақстан елшілігін күзеткен үкімет әскері мен полицейлер де тым тырақай қашыпты. Сондықтан мұздай қаруланғандарды елшінің жалғыз өзі қарсы алунынан басқа амалы қалмаған. Қазақстанның Талибан билігін әлі мойныдамағанымен, ұйым жасақтарының қабақтары ашық болғанға ұқсайды.
Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Елшінің өзі жалғыз шуғына тура келді. Тәліптер елшіліктің қай елге тиеісі екенін сұраған. Қай мемлекет екенін естіген соң, алаңсыз жұмыс істей беріңдер, сендердің қауіпсіздіктеріңді ендігәрі біз қамтамасыз етеміз деген. Күзеттерін қойған.
Апта басында Ауғанстанда жұмыс барысымен жүрген 25 Қазақстан азаматы елге жеткізілген болатын. Олардың артын ала, Алматы әуежайына Кабулдан БҰҰ-ның 135 қызметкері де қонды. Олардың біразы өз елдеріне аттанып кеткен. Ал 100 шақтысы Алматыдағы кеңселерінде Ауғанстанға қатысты жұмыстарын алдағы жарты жылға дейін жалғастырмақ. Халықаралық ұйым осы мүмкіндік үшін Қазақстан үкіметіне дән риза.
Дебора Лайонс, БҰҰ Ауғанстанға көмек миссиясының жетекшісі:
- БҰҰ мен Қазақстан арасында кеңселерді Алматыға ауыстыру жайында меселе теліптер Кабулға кірсес бұрын ақ талқыланып, шешім қабылданған. Қызметкерлер үшін қауіп деңгейін азайту үшін Қазақстан өте қалайлы орын. Бұл үшін ел билігіне алғысымыды айтамыз. Дегенмен Ауғанстанда БҰҰ-ның 24 кеңсесі жұмыс істейді. Олармен байланысты Алматы арқылы ұстап, миссиямызды ары қарай да жалғастыра береміз.
Сыртқы істер минстрілігінің мәліметінше, Ауғанстанның әр өңірінде 13 этникалық қазақ отбасы тұрады. Олармен үнемі байланыс бар. Елге қайту туралы өтініштерін болса, қарастыруға дайынбыз дейді вице-министр.
Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Елге қайтуға емеуріндері бар жоғын өздері шешуі тиіс. Өйткені олардың көбі қоныс ауыстыруды қалаймайды деген ақпарат бар. Олар да көпшілігі сияқты жағдайды бақылап отыр. Ары қарай не болады дегендей. Егер көшеміз деп нақты айтып, бір жерге жиналып жатса, тиісті шешім қабылдаймыз.
БҰҰ-ның өкілдері Ауғанстандағы негізгі мәселелерді Алматыда отырып шешуге күш саламыз дейді. Ол босқындарға көмек көрсету, ондағы жұртты дәрі дәрмек, азық түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары. Әзірге тәліптердің үкіметін мойындау-мойындамау немесе басқа да саяси сұрақтарға араласпайтындарын айтады. Әліптің артын бағып, жағдай біржақтыланғанда Ауғанстанның жаңа үкіметі мен басқа ел басшыларының арасында келіссөз ұйымдастыру жоспарын қарастырмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!