Жалған вакцина құжатын жасаған
Елордалық полицейлер жалған вакцина паспортын жасаумен айналысқан адамды қолға түсірді. Күдікті жігіт кез келген құжатты жасап берем деп елге жариялап, полицияның көзіне түскен.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.08.2021
Вакцинациялау паспортын ол 20 күн ішінде дайындап беруге уәде етіпті. Бірақ тапсырыс берушілер ақшасын алдын ала төлеп қоюы керек болған. Есесіне, паспортты айтылған уақытынан кешіктірмейтініне сендірген. Сөйтіп 28 жастағы жігіт жұмыс орнында 50 мың теңге ақысын алып жатқан сәтінде қолға түсті. Сөзіне қарағанда, вакцина паспорты өзекті болып тұрған шақта осындай жолмен пайда тапқысы келіпті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, оған алданған немесе көмегіне жүгінген басқа да тұлғалар іздестіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!