{metadescription}
Балалар арасында коронавирус жұқтырғандар күрт артты
Балалар арасында коронавирус жұқтырғандар күрт артты

Балалар арасында коронавирус жұқтырғандар күрт артты

Балалар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткігі 5 жарым есеге артқан. Жыл басынан бері шамамен 50 мың бала ауырса, соңғы бір тәуліктің өзінде 531 жағдай тіркеліпті. Оған қоса, вакцина салдырғандар арасында биыл 115 адам қайтадан коронавирус жұқтырып, көз жұмған. Бірақ олардың бәрінде де созылмалы қосымша ауруы бар деп отыр Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, биылдаққа 49 мың 791 бала коронавируспен ауырған. Оның 179-ы жаңа туған нәресте. Әйтеуір басым көпшілігі, яғни 88,8 пайызы жазылып шығып жатыр екен. Вице-министр оған әке-шешелерін кінәлады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Бүгінде стационарларда 700-ден астам бала емделіп жатыр. Жалпы қазір балалар арасында ковид жұқтыру көрсеткіші 5 жарым есеге артқан. Оның себебі, қазір демалушылардың көпшілігі балаларымен бірге жүреді. Негізінен отбасымен бірге ауырады.

Ал жалпы халықты жаппай вакциналау басталғалы бері вакцина салдырғандар арасында ковидті қайтадан жұқтырғандар саны 12 жарым мыңнан асқан. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері оны мардымсыз көрсеткіш деп бағалап отыр. Мәселен, министр Цойдың айтуынша, бүгінге дейін коронавирустан 4969 адам қайтыс болған. Соның ішінде вакцина салдырғандар саны 115 адам, яғни, жалпы көз жұмғандардың 2,3 пайызын алады. Әрі бәрінің де қосымша науқастары болған дейді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Нақтылығын тексерген жоқпыз. Өйткені, адам өлімі оңай емес. Дегенмен, негізінен ол семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу мүшелерінің аурулары. Қайтыс болғандардың бәрінде осындай қосымша сырқаты болған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, вакцина салдырса да вирусты қайта жұқтырып жатқандар ішінде «Спутник» салдырғандардың үлесі айтарлықтай көп болып тұр. Мәселен, вакцина салдырып, қайта жұқтырғандар арасында 10608-і «Спутник» алғандар. Бірақ оның себебі де бар дейді министрлік өкілдері. Өйткені, вакциналар арасында ең көп салынғаны да сол «Спутник».

Айта кетейік, Қазақстан биылдыққа коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуға 95 миллиард 300 миллион теңге жұмсаған. Ол 10 миллион 890 мың адамға вакцина салуға жеткілікті қаражат. Яғни, вакцина салдыруға жарайтын халықтың 60 пайызы деген сөз. Министр Цой қыркүйекте қарбалас тіршіліктің қайта басталуымен бірге вакцина салдыру қарқыны үдейді деп отыр. Сондықтан 60 пайыздық межеге қыркүйекте жетіп қалуымыз мүмкін деген сенімін жасырмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде