Қызыл жалын орманды алқаптың түгін қалдырмады
Еліміздің шығыс өңіріндегі Көкпекті ауданында болған қызыл жалын 40 мың шаршы метр жерді шарпып, айналасындағы орманды алқаптың түгін қалдырмады. Алапат өртпен күресу үшін екі тәулік қажет болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды зорға дегенде бүгін таңға жуық ауыздықтады.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
23.08.2021
Далалы жердегі құрғақ шөп сенбі күні тұтана бастаған. Кейін қызыл жалын лезде белең алып 4 гектар орман өртеніп кетті. Өскемендік құтқарушылар көмекке жақын аудандардағы әріптестерін шақыруға мәжбүр болған. Жалпы жаз басталғалы өңірде бес мың гектардан астам алқап тілсіз жаудың ілмегіне ілінген екен. Қазір төтеншеліктер Шығыс Қазақстанда қуаңшылықтың кесірінен далалы жерлер от жиі шығатын болды деп дабыл қағып отыр.
Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
- 23 күні 7 сағат 20 минутта осы жердегі өрт толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге жалпы 8 автоцистерна, 1 трактор, 5 УАЗ көлігі және жеке құрамнан 151 адам жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!