{metadescription}
Грузияда эпидахуал ушықты
Грузияда эпидахуал ушықты

Грузияда эпидахуал ушықты

Грузия коронавирустың таралуы мен кесел құрбандар саны бойынша әлемдік статистикада бірінші орыннан түспей тұр. Аталған мемлекетте ауруханалар лық толып, науқастар күрт артты. Грузия үкіметі шектеу шараларын күшейтіп, вакциналау қарқынын үдеткен. Бірақ эпидахуал ушықса да Тбилиси мен Батумиге жаһанның түкпір-түкпірінен туристер әлі де ағылып жатыр. Қазақстандықтарға да кеселдің күшеюі кедергі емес дейді отандық турагенттіктер.

Тамыз айынан бері Грузияда қаупті кесел кеулеп тұр. Ауруханалар науқастарға лық толып, ел астанасы Тбилисиде екі бірдей дала госпиталі ашылды. Қазір аталған мемлекет коронавирустың таралуы мен аурудан ажал құшқандар көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында бір аптадан бері көш бастап тұр. Батумиде саяхаттап жүрген отандасымыз Грузия үкіметі эпидахуал ушыққан соң карантин шектеулерін бірден күшейткенін жеткізді. Евгения Сазонова көшеде сақтық ережелерін қатаң сақтауға тырысамыз деп отыр. Себебі, бетпердесіз жүргендерге полиция айыппұл салады екен.

Евгения Сазонова, турист:

- БатумИде екі-үш күннен бері көшеде бетпердемен жүру міндеттелді. Талапты орындамаған адамға 6 доллар шамасында айыппұл салынады. Бұл жерде карантин тәртібі өте қатаң. Тамақтанатын және көңіл-көтеретін орындар тек түнгі он бірге дейін жұмыс істейді. Қоғамдық көлік мүлдем жүрмейді. Соған қарамастан мұнда демалушылар өте көп. Біз таксимен арлы-берлі жүреміз.

Сондай-ақ, Грузияда фестиваль, концерт пен спорттық шаралар өткізуге тыйым салынған. Мемлекеттік қызметкерлердің барлығы қашықтан жұмыс істеуге кірісіпті. Коронавирустың құрығына ілігіп жатқандар көбейсе де жұрт вакцина алуға асықпайды дейді жергілікті журналист. Гуга Двалишвилидің айтуынша, екпенің екі бірдей компонентін салдырғандар 300 мың адамға жуықтап, ел бойынша небәрі 10 пайыздан енді асқан. Ол ауруханалардағы төсек-орындар толып, дәрігерлер үлгере алмай жатқанын да жасырмайды.

Гуга Двалишвили, журналист:

- Біздің еліміздегі жағдай өте күрделі. Дәрігерлер жетіспейді. Төсек-орын тапшылығы да сезіле бастады. Үкімет қосымша стационарларды ашып жатыр. Күн сайын шамамен 50-70 адам аурудан көз жұмуда. Халық қарапайым санитарлық ережелерді сақтамайды. Олардың арасында туристер де бар. Оған қоса, вакцинаға сенбейтіндер көп. Бұлай жалғаса берсе өлім-жітім саны екі есеге артатынын ақ халаттылар ескертіп әлек. Үкімет әлі де карантин тәртібін күшейту керек деп ойлаймын. Сосын туристерді қайтару керек.

Расыменде, биыл Грузияға әлемнің түкпір-түкпірінен демалушылар ағылып жатыр. Олардың қатарында саяхаттауды жаны сүйетін қазақстандықтар да бар. Отандық турагенттіктер осы жылыТбилиси мен Батумині таңдаған демалушылар 40 пайызға артқанын айтады. Қазақстаннан Грузияға аптасына үш әуе рейсі белгіленген. Отандастарымыз аталған елде індет өршіп тұрғанын біле тұра жолдама алуға қорықпайды дейді туркомпания қызметкерлері.

Саида Сәулебаева, турагенттіктің менеджері:

- Осы жылы Грузия ең көп сұранысқа ие бағыттардың қатарына кірді.Бұл елге жолдама алып жатқан отандастарымыз өте көп. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, жолдама арзан. Екіншіден бұл мемлекетке біздің вакцина куәлігі жарай береді. Яғни, қосымша ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ. Баратын елдің шектеу шарасы мен эпидахуалын айтамыз. Бірақ оған құлақ асып жатқандар аз. Халық коронавирустан қорықпайтын болған.

Соңғы тәулікте бұл мемлекетте 2354 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып, 60 адам көз жұмған. Бақилық болғандар арасында вакцинаның екі бірдей компонентін салдырған адам да бар. Мамандар аталған елде вирустың төртінші толқыны шарықтау шегіне жетті деп отыр. Соған қарамастан, Қазақстан үкіметі Грузияға әуе рейстерін тоқтату былай тұрсын қысқартуға да асықпайды. Аталған елге жолдамалар да әлі күнге дейін сатылып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде