{metadescription}
Атырау облысында вакцинация пойызы жүретін болды
Атырау облысында вакцинация пойызы жүретін болды

Атырау облысында вакцинация пойызы жүретін болды

Қыркүйектің 1-не дейін 10 млн қазақстандық толықтай екпе алады деген болжамы жүзеге аспай қалатын түрі бар.  Алайда бүгінге дейін осы жоспардың жартысы ғана орындалған. Денсаулық сақтау министрі қалған 5 млн тұрғын алдағы екі айда вакцина алады деп топшылап отыр.

Ал Атырау облысында екпе жұмыстарын жеделдету мақсатында вакинация пойызы жүретін болды. Енді шалғайда жатқан ауыл тұрғындары еш қиналмастан облыс орталығына келіп екпе алады. 60 орындық екі вагон аудан және ауыл тұрғындары үшін арнайы жасақталып отыр екен. 

Асхан Байдуәлиев, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ауылдың тұрғындарын алып келдік. Осы Атырау қаласындағы Теміржол ауруханасында және де 7-емханада екпе пунктарға алып келдік. Вакцина салдыруға мүмкіндік беріп жатырмыз.

Тегін әлеуметтік пойызы «Сағыз-Атырау» және «Құрманғазы-Атырау» бағытында қатынайды. Тұрғындардың вакцина алуына жағдай туғызу мақсатында ұйымдастырылған шара жыл соңына дейін жалғасады. Қалаға келген жұртшылық егілген соң ірілі-ұсақты шаруаларын бүтіндеп, қайтадан сол жүрдек пойызбен ауылдарына қайтады. Жолаушылардың кейбірі вакцинаны алғаш рет алып жатса, енді бірі екінші компонентін салдыруға келгендер.

Самат Қапанов, Қызылқоға ауданының тұрғыны:

- Қызылқоға ауданы, Мұқыр станциясынан келіп отырмын, екпе алайын деп. Қазір екпенің ресейлік «Спутникті» алам. Бұл екпені барлық қазақстандық алу керек деп ойлаймын. Барлықтарыңызға атсалысуларыңызды сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде