{metadescription}
Қарызға белшесінен батқан
Қарызға белшесінен батқан

Қарызға белшесінен батқан

Демалыстағы локдаун бизнесті құрдымға кетіреді! Қоғамдық тамақтану қауымдастығы сенбі, жексенбі күндері мейрамхана, дәмхана, кафелердің жұмыс істеуіне рұқсат бермесе, бұл сала құрдымға кетеді деп дабыл қағып жатыр.

Соңғы қаулы бойынша аптаның тек бес жұмыс күнінде тамақтану орындары қонақ қабылдай алады. Оның өзінде уақыттан шектеу бар. Қарыз ұйығына баттық деген олар тіптен салық төлейтін де жағдайымыз жоқ деп шағымданады. Қауымдастық ақпаратынша, елде пандемия басталғалы 30 мың тамақтану орны жабылып, сонда еңбектенген 500 мың адам жұмыссыз қалған. Бұл жағдайға үкімет араласып, бір жақты қылмаса онда бизнес толығымен тұншығып бітеді,-дейді.

Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі:

- Салық төлеуге тиіспіз. Бірақ ақшамыз жоқ. Банкрот болғымыз келмейді. Өз ісіміздің патриотымыз. Біз халықты тамақтандырып отырмыз. «Ашық» жобасымен бәрі жақсы болып кететін шығар деп ойлағанбыз. Қызметкерлеріміздің бәрі екпе қабылдады. Бірақ, жағдай тұрақталмай тұр. Демалыстағы локдаунды алып тастау керек. Сол үшін биліктен көмек сұраймыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде