{metadescription}
Қоқыс полигоны отқа оранды
Қоқыс полигоны отқа оранды

Қоқыс полигоны отқа оранды

Қарағанды іргесінде 2 күннен бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр. 2 мың шаршы метрден аса тұрмыстық қалдықтар отқа оранған. Одан шыққан жақын маңдағы ауыл мен қаланың шеткері тұсын тұншықтырып тастады.

Ораш Бахраев  Доскей ауылының тұрғыны:

- Керегі жоқ нәрсе, маңайдың бәрі экологияға сәпсім, мына жақта зауыт, мына жақты полигон қайда бұрылырыңды білмейсің. Анандай болғаннан кейін есік , терезеңді қалай ашасың? Есік алдында қалай жүресің, қалай демаласың, пластмасс неше түрлі нәрсенің угары. Ол қайтсе де кісінің денсаулығын улайды.

Полигондағы өрт ауыздықталғанымен әр жерінен әлі де бықсып жатыр. Оның үстіне тоқтамай соққан жел де отты сөндіруге кедергі. Бүгін желдің бағыты өзгеріп, ауылдағылар еркін тыныстай алды. Ал ауылға қарай соқса өкпе қысылады екен. Өрт сөндірушілер кешелі бері әр жерден бықсыған шоқты қолмен көміп жүр. 40 гектар аумақты алып жатқан полигон Доскей аулына жақын. Үнемі өртенеді де жатады. Түтіннен зәрезәп болған тұрғындар қоқысты реттеп жинастырғанша, өртей салып орын босататын оның қожайынын кінәлайды. Ал полигонның иесі қоқысқа бәсекелестер от қоятынына сенімді. Осылайша, табысы мол қоқыс бизнесін бақталастар көздеп жүр деп ақталады.  

Абай Зікіров қоқыс полигонының қожайыны:

- Біз кіші кәсіпкерлік субьектіміз. Президенттің өзі бізді тексеруге тыйым салды. Олар қоқыстың қай жерінде қандай шикізат тұрғанын біледі де, сол жерге от қояды. Өрт шыққасын тексеріс болады. Ақыр аяғы мені жаманатты қылып жатыр. Экология департменті мені сотқа да  берді. Осы арқылы мені лицензиям мен бизнестен айыруды көздейді.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде