{metadescription}
Дәріхананы тонаған
Дәріхананы тонаған

Дәріхананы тонаған

Елордада қарақшының дәріхананы тонаған сәті бақылау камерасына түсіп қалды. Мақсатына жету үшін ол сатушы қызға біраз жәбір көрсеткен. Кассадан сондағы алғаны 30 мың теңге.

Оқиға кеше түнгі сағат 22.00-дe Момышұлы көшесінің бойындағы дәріханалардың бірінде болған. Дәрі сұрап келген жас жігіт сатушы қыздың артынан ілесе кіріп, ұстап алып, пышақ тақап қорқытыпты. Сөйтіп, кассадан ақша алып кеткен. Полиция оқиға болған төңіректі шарлап жүріп, күдіктіні компьютерлік клубтан тапты. 26 жастағы жігіт істегенін бірден мойындаған. Қазір ол тергеу изоляторында. Жалпы кеше қала бойынша осы тектес 25 қылмыс тіркеліпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде