{metadescription}
Мұнайшылар тағы ереуілге шықты
Мұнайшылар тағы ереуілге шықты

Мұнайшылар тағы ереуілге шықты

Маңғыстау облысында мұнайшылар тағы да ереуілге шықты. Бұл жолы «West oil soft war» мекемесінің 500-ге жуық жұмысшысы айлықты көтерсін деп талап қойып отыр. «ОйлТранспортКорпорэйшн» серіктестігіне сервистік қызмет көрсететін мекеменің қызметкерлері екі күннен бері жұмысын тоқтатқан. Президентке видеоүндеу жолдап, шешіп беруін талап етуде.

- Баға қай жерде болмасын шарықтаған. Күнделікті ішіп-жем, киінетін киім, баспананың төлемдері алып жүрген жалақымыз жетпей кедейшіліктің кейпіне түстік. 

Бас көтеріп талаптарын айтып тұрған «Westoilsoftwar» мекемесінің жұмысшылары. Мұнай кен орындарын арнайы техникамен қамтып, оны  жөндеп, жүргізетін 500-ге жуық жүргізуші, инженер, слесарь бүгін жұмысын тоқтатқанына осымен екінші күн. Ереуілшілер мекемесінің алдында шатыр тігіп алған. Осында тамақтанып, кешке де осы маңда түнейді. Қолға алатын 150-190 мың теңге аралығындағы жалақымыз дымға жетпейді, дейді ашынған топ.

Ақылбек Римов, «Westoilsoftwar» ЖШС қызметкері:

- Бірінші талап осы еңбек кодексіндегі 103 бапқа өзгерту енгізуге байланысты  «ОТК» мекемесімен айлығымызды теңестіруді сұрап отырмыз. Екінші талабымыз осы жұмыс беруші мен жұмысшының арасныда ұжымдық келісім-шарт болу керек. Тиісті ол заңында. Сол жоқ. Ұжымдық шартқа отырсын деп отырмыз. Үшінші талап: осы өзіміздің таңдап берген кәсіподағымыздың өз жалақымызды 1 пайызын аударуды сұрап отырмыз.

Ереуілшілер негізінен «ОйлТранспортКорпорэйшн» серіктестігіне қызмет көрсетеді. Екі мекемені бөліп жармай жалақыны теңестірсін деуі содан. Себебі, екі компаниядағы бірдей жұмыс істейтін мамандардың жалақы бойынша айырмашылығы жер мен көктей. Компания басшылығы жалқыны 100 пайызға емес, тек 50 пайызға ғана көтере алатынын айтыпты.

Бекқожа Тәңірбергенов, «Westoilsoftwar» ЖШС заңгері:

- Біз оларды татуластыру комиссиясына шақырып отырмыз. Олар татуластыру комиссиясына бас тартып отыр. + Татуласпаса ертең сот болады. Соттың барысында сот шешеді. Заңсыздығын, заңсыз еместігін осы ереуілдің. 

Бұл айлығын көтеруді талап етіп ереуілдетіп отырған бір ұжым емес, бүгін тағы екіншісі қатарға қосылды. «Ақтаукрантехсервис» компаниясының 200-ге жуық қызметкері жұмысты тоқтатты. Мекеме негізінен «Ойлсервискомпани», «Маңғыстау энерго мұнай», «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларын ауыр техника, көлікпен қамтиды.

Думан Жақып, «Ақтаукрантехсервис» ЖШС қызметкері:

- Біздің қазіргі жағдайымыз өте төмен. Жалақы төмен. Азық-түліктің қымбатауы, коммуналдық қызметтердің қымбатлығы киім-кешек ішім-жемнің бәрінің шарықтауына байланысты осындай жағдайға мәжбір болып отырмыз.

Ереуілшілер мәселесін басшылығына айтқан. Олар күте тұруын сұрапты. Белсенділер енді тек Президенттен көмек сұрамасақ басқа амал қалмады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде