{metadescription}
Ауруханадағы ұрлық тыйылмай тұр
Ауруханадағы ұрлық тыйылмай тұр

Ауруханадағы ұрлық тыйылмай тұр

Теміртауда ковид госпиталіндегі ұрлыққа байланысты Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі тексеріс бастады. Бүгінге дейін полицияға алтын бұйымдары мен ұялы телефондарынан айырылған бірнеше адамнан арыз түскен. Олардың арасында індеттен көз жұмған науқастың дүниесін түгендей алмағандар да бар.

Ольга Ишкова Теміртау қаласының тұрғыны:

- Ковид госпиталінде менің әжемнің ұялы телефонын ұрлап кетті. Әлі күнге дейін табылмады. Полицияға арыздандық. Тергеу жүріп жатыр деді. Тергеу екі жыл жүруі мүмкін.  Бірақ кінәлілерді қазір жазалау қажет. Тіпті өлген адамдардың да заттары жоғалып жатыр.

Осыдан 3 күн бұрын Теміртаудағы инфекциялық госпитальде қауіпті кеселден көз жұмған науқастың туыстары марқұмның сақинасы мен алқасын таппай қалған. Дау туғаннан соң екі күннен кейін алтын сақинасын дәрігерлер қайтарған, бірақ күміс алқа сол күйі табылған жоқ. Сөйтсе бұл осы госпитальдегі алғашқы жағдай болмай шықты. Жансақтау бөлімінде кіргізерде науқастан алынатын құнды дүниелерін жоғалтақандар полицияға арызданып жатыр. Сонымен қатар науқастар ауруханадағы қызмет сапасының нашарлығын айтып дабыл қағуда. Осы жайттарға қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы госпитальде ішкі тексерісті бастады.

Самат Кенжебаев «Теміртау қалалық орталық ауруханасы» ҚММ директоры:

- Аталған жағдай бойынша ішкі тексеріс басталды. Тексерісті міндетті түрде жан жақты жүргіземіз. Оның қортындысы бойынша қосымша ақпарат беретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.