{metadescription}
Демалыс күндері шектеу шаралары жеңілдетіледі
Демалыс күндері шектеу шаралары жеңілдетіледі

Демалыс күндері шектеу шаралары жеңілдетіледі

Эпидахуал тұрақталып жатқан өңірлерде бизнес нысандары үшін демалыс күндері шектеу шаралары жеңілдетіледі. Бірақ олар «Ashyq» жүйесімен жұмыс істеуі керек. Қазір Түркістан облысынан өзге өңірлердің әлі де қызыл аймақта тұрғанына қарамастан, елде індеттің беті қайта бастапты.

Асқар Мәмин, ҚР премьер-министрі:

- Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Ауруханалардағы орын 49%, ал жансақтау бөлімдері 46% жүктелген. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссия эпидемиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі «Ashyq» жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, соңғы екі апта ішінде вирус жұқтырушылар көрсеткіші 10 пайызға азайған. Ал тамыз басталғалы ковидтің таралу индексі 1,11-ден 0,93-ке кеміпті. Емдеу мекемелерінде инфекциялық төсектер 49 пайызға, жансақтау бөлімдері 46 пайызға толып тұр. Министрдің сөзінше, елді вакциналау барысы да жаман емес. Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші бөлігі 6 миллион 400 мың адамға, екінші бөлігі 5 миллионнан астам адамға салынған. Яғни, вакцина салдыруға жататын халықтың вакцинаның бірінші бөлігі бойынша 64 пайызы, екінші бөлігі бойынша 50 пайызы алып үлгерген. Бұл карантин шектеулерін жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр. Министр алдағы айларға да болжам жасады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақату министрі:

- Пессимистік болжам бойынша тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны қыркүйек айында 6 300-ге дейін, қазан айында 2 400-ге дейін болады. Нақты сценарий бойынша, қыркүйекте  5 300 жағдайға дейін, қазан айында 1 800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарийде: қыркүйекте 4 200 жағдайға дейін, қазанда - тәулігіне 1 300 жағдайға дейін тіркеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде