{metadescription}
Семейде көрме ашылды
Семейде көрме ашылды

Семейде көрме ашылды

Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл. Осыған орай мәдени астанада «Маңызды шешімдер уақыты» атты көрме ашылды. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті  Елбасы кітапханасы мұрындық болған.

Экспозиция Елбасы кітапханасы қорындағы мұрағаттық материалдар, жәдігерлер мен кітаптар кешенін көпшілік назарына ұсынады. Көрмеде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесі үшін берілген халықаралық марапаттары да тұр. Шараға қатысқандар адамзатты ядролық қарудан азат етуге және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға бағытталған Қазақстанның саясатын халықаралық қоғамдастық мойындағанын атап өтті. «Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі 27-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Оның материалдарымен Елбасы кітапханасының ресми сайтында танысуға болады

Бақытжан Темірболат, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Кітапханасы ММ директоры:

- Осында 200-ден астам жәдігерлер бар. Мұрағаттық құжаттар, мультимедиялық кітаптардың мазмұны өте терең. Тарих көрсетілген. Әсіресе, 49-жылдан бастап Семей жерінде бірінші рет ядролық жарылыс жүргізілген болатын. Сол уақыттан бері тарихи жәдігерлеріміз көрсетілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде