{metadescription}
Жасанды жаңбыр арқылы қуаңшылықтан шықпақ
Жасанды жаңбыр арқылы қуаңшылықтан шықпақ

Жасанды жаңбыр арқылы қуаңшылықтан шықпақ

Қолдан көгертіп көрмек! Маңғыстау облысында жасанды жаңбыр жаудыру әдісі арқылы қуаңшылықтан шығу мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба авторы жаңа технологияны Маңғыстауда қолданса жер көгеріп, малдың жайы оңалар деген үмітте.

Алтай Айнабек, жоба авторы:

- Ылғал көбейеді. Төменгі 30 пайызды айтып отырмыз. Барлық елде жүргізіп жатқан мәліметтер бойынша біз соңғы 20 жылдың метеорологический данныйды аламыз. Бізге местный жер ұсыну керек. Жел, жаңбыр деген мәселені. Содан кейін бізге задача қойылады. Қай айда, қандай жаңбыр болу керек деген сияқты біз соны орындаймыз болды.

Жоба авторының айтуынша, ерекше технология климатқа әсер етіп, содан жаңбыр жауады. Ал табиғат пен адамға кері әсері жоқ көрінеді. Мұндай құрылғы Жаңа Зеландия, Индия, Біріккен араб әмірлігі, Пәкістан,  Еуропа елдерінде қолданады екен. Бір аппарат 200 мың шаршы шақырымды қамтиды. Бастама тиісті органдардан қолдау тапса Маңғыстауға осындай бес құрылғы қондырылмақ. Бағасы да арзан емес. Техниканы тек күтіп-баптауға жылына 5 млн еуро қажет. Әзірге ол қаржының кімнен алып, қалай жинайтыны белгісіз. Ал ала жаздай жаңбыр тамбаған түбекте жайылымнан береке кеткен. Қуаңшылықтан мал әлі қырылып жатыр. Мемлекеттен бөлген субсидия шаруалардың жыртығын жамауға жетпеген. Ел-жұрттың жинап берген шөбі де әлі толық таратылмапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде