{metadescription}
ХҚКО халық ағылды
ХҚКО халық ағылды

ХҚКО халық ағылды

Қарағандыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұртты қабылдап үлгермей жатыр. Соңы сағаттап, алды тәулік бойы жылжымайтын кезегін күткендер орталық жұмысына наразылықтарын білдіруде. Адамның мұндай нөпірі алдын ала брондау жүйесі алынып тасталған соң басталыпты.  

Юлия Кизнер, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Кезекте түрғаныма екі күн болды. Кеше үш сағат сарғайып түрып енді кезегім келгенде сағат бес жарымда жабылып қалды. Бүгін міне таңнан бері тағы тұрмын. Уақыттың зая кеткенін айтпағанда күннің ыстығы мазаны қашырды. Ешқандай жағдай жасалмаған. Отыратын жер де, көлеңке де жоқ. Біз жарайды жаспыз, үлкен кісілерге обал.

Қарағандыдағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұрт осылай иін тіресіп тұр. Оның үстіне Майқұдықтағы бір бөлімше карантинге жабылған екен. Салдарынан жұрт қарасы қалың ауданнан ағылғандар басқа орталықтардың алдында тұрғандардың санын еселеп жіберген. Біршама уақыт қою қызыл аймақта болған өңірде кесел жұқтырғандар саны азайған. Сондықтан алдын ала кезек алу жүйесі тоқтатылыпты. Ал Азаматтарға арналған үкіметтің астанадағы басшылығы тұрғындардың кезекке өздері кеп тұрғанын құп көреді екен. Оның үстіне қауырт жұмыста орталық мамандары да ширайды дегеннен өзге жауап таппады. 

Бақтияр Мұхаметқалиев «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ қызмет көрсету жөніндегідиректоры: 

- Бұрын міндетті түрде алдын ала кезекке тұру болған. Қазір міндетте емес. Алдын ала кезекке тұруға болады бірақ ол кезекке сол күні емес, алдыңғы күндерге қойылатын. Сол себепті қиындықтар болған. Тұрғындарға сол күні құжат рәсімдеу керек болса, оны істей алмайтын. Қазір «Ашық» бағдарламасы бойынша тікелей орталыққа келуіне болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде