{metadescription}
Журналисті әкімдіктен желкелеп қуып шыққан
Журналисті әкімдіктен желкелеп қуып шыққан

Журналисті әкімдіктен желкелеп қуып шыққан

Кінәлі ақыры күзетші болып шықты! Алматыдағы Алатау ауданының әкімі бүгін журналисті желкелеп қуып шыққан жанжалға қатысты жауап берді. Айтуынша, күні бойы сұхбат сұрап, есігінің алдында жүрген тілшіден хабарсыз болған. Оның үстіне, әкімдікке кірерде Ashyq қосымшасын пайдаланбаған деп ақталғандай сыңай танытты. Дегенмен, журналист қызды өңгеріп алып, әкімдік сыртына лақтырып жіберген күзетшіні жұмыстан шығарып үлгеріпті. Бірақ, Ақпарат министрінің өзі араласқан мәселе жалғыз күзетшімен шешілмеуі мүмкін.

Даудың басы журналист пен әкімдік күзетшісінің осы текетіресі. "Хабар 24" телеарнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірберген Алатау ауданы әкімінен сұқбат алуға барған екен. Алайда, шенеунікпен тілдеспек түгілі, таяқ жей жаздады. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, мәселені Ақпарат және қоғамдық даму министрі де көтерді.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Бұл, әрине, өте өкінішті және біздің бүгінгі «еститін мемлекет», «ашық әкімдік» қағидаларына қайшы келетін жағдай. Журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек. Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс. БАҚ өкілдері еліміздің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы.

Кешелі бері үнсіз жатқан аудан әкімі, министрдің сынынан кейін бүгін амалсыз өзі шыққан сыңайлы. Жауаптары әдеттегідей жаттанды. Журналистің келгенін білмепті. Сөйтіп, ақыры күзетші кінәлі болып, жұмыстан қуылған.

Азамат Қалдыбеков, Алатау ауданының әкімі:

- Әрдайым Бұқаралық ақпарат құралдарына, сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Әкімдік тарапынан әкім ретінде. Кеше неге дайын болған жоқсыз? Мен кеше өзім ғимаратта болған жоқпын біріншіден. Екіншіден өзім обьезде болдым. Сондықтан бұл мән-жайды мен білген жоқпын. Қызметтік тексеріс өткеннен кейін біз әрине бұл тілшіге, әрине басқа да тілшілерге кешірім сұраудан біз таянбаймыз. Бірақ қорытындылар шықсын.

Турникеттен рұқсатсыз өткенін әріптесіміз де мойындап отыр. Бірақ басқа амалым болмады дейді Ақбөпе Тәңірберген.

Ақбөпе Тәңірберген, журналист:

- Әкім сұхбат бере алмайды дегеннен кейін. Тұрғындардың сұрағына ең құрығанда орынбасарларының бірі жауап берсін деп айтып едім. Ішке кіріп кетті да, сол күйі шыққан жоқ. Осы аралықта жұмыс уақыты аяқталуға жақын. 18:00-ден кетіп қалды. Сондықтан ерікті түрде өзім кіруге шешім қабылдадым. Бұл жерде менің кетірген олқылығым турникет арқылы өтіп кетіп тұрмын. Бұл жерде Ашықсыз кірдіңіз деп айтып жатыр. Мені әкімдікке кіргізу бұл кісілердің ойында да болған жоқ. Менен ашықты ешкім сұраған жоқ. Бірақ мен сәуір айында вакцина қойдырғам.

Әкім өзінің сөзін сөйлеу үшін ауданның біршама белсенділерін де жинап қойған екен. Тілшіге кеше күзетшісі, бүгін келген журналистердің жұмысына сол тұрғындар кедергі келтіріп әлек. Ал Ақбөпе Тәңірберген полицияға арыз жазды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.