{metadescription}
Коронавирустан көз жұмғандардың басым бөлігі қант диабетімен ауыратындар
Коронавирустан көз жұмғандардың басым бөлігі қант диабетімен ауыратындар

Коронавирустан көз жұмғандардың басым бөлігі қант диабетімен ауыратындар

Елімізде коронавирустан көз жұмғандардың басым бөлігі қант диабетімен ауыратындар. Тіпті, Диабетті зерттейтін қазақстандық қоғам марқұмдардың 68 пайызында осы созылмалы дерт бар деп отыр. Коронавирусқа қарсы қабылдайтын дәрі де қандағы қант құрамын шектен тыс көбейтіп жібереді екен. Десе де Алматыдағы қант диабеті орталығында ем қабылдап жатқандар вирусқа қарсы екпе алу арқылы күресуде. Дәрігерлер де аталған сырқаттың қатты асқынған түрі болмаса вакцинадан қорқудың қажеті жоқ дейді.

Диабетті зерттейтін қазақстандық қоғам келтірген дерек төбе шашыңды тік тұрғызады. Өйткені, елде коронавирустан көз жұмғандардың 70 пайызға жуығы қант диабетінің зардабын тартқандар екен. Мамандардың айтуынша, қандағы қант көбейсе ағзаның иммунитеті төмендеп кетеді. Бойдағы созылмалы дерттің кесірінен адамдардың вирус жұқтыру мүмкіндігі жоғарылап, әп-сәтте дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келеді дейді эндокринологтар.

Светлана Большакова, Алматы қаласының штаттан тыс бас эндокринологі:

- Кімнің қанында қант көп, кім диабетпен ұзақтан бері сырқаттанса сол адамның коронавирусты өткеруі өте қиынға түседі. Жақында ғана қаладағы Орталық клинкалық ауруханаға кеңес жүргізгенімде, науқастардың дені қан диабетімен ауыратынын байқадым. Сондай-ақ, вирус ағзада дендеген кезде «Дексаметазон» дәрісі беріледі. Бұл гармон қандағы қантты көбейтіп жібереді. Онсыз да диабеттің зардабын тартқан адамның қанты 30-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Эндокринологтардың сөзінше, бір ғана Алматы қаласында 44 мыңнан астам тұрғын қант диабетімен сырқаттанады. Десе де Алматыдағы арнайы орталықта ем қабылдап жатқандар әліміз жеткенше коронавируспен күресіп жүрміз дейді. Алты жылдан бері қант диабетімен алысқан Талят Сауытовтың да індетке қарсы айтары көп. Инусулинге тәуелді зейнеткер жақында ғана дәрігерлердің кеңесімен екпе салдырып, вакцинаның екі компонентін алған. 

Талят Сауытов

- Терапевтке барып сұрадым, маған вакцина қоюға бола ма деп. Терапевтім бәрі болады, нормально деп айтты. Сосын созылмалы ауру болғасын салмасаң болмайды. Барып қойдырып алдым.

Дәрігерлер де қант диабеті бар адамдарға вакцинациядан қорқудың еш қажеті жоқ дейді. Өйткені, екпе егу орталығына келгендер жан-жақты тексеруден өтеді. Егер қандағы қанты жоғары болса бірден эндокринолог мамандардың бақылауына жіберіледі. 

Аида Тұрдиева, №12 қалалық емхананың дәрігері:

- Қанттың нормальный мөлшері сау адамдар үшін 3-те 4, 5-те 6-ны құрайды. Диабетиктер үші 7 деген сандар болады, 8-де болады. Егер 10, 11-ден асып тұрса эндокринологтың кеңесімен соң бәрін қалыпқа түсірген соң саламыз.

Демек, қант диабетінің қатты асқынған түрінде ғана екпе егілмейді.  Оның өзінде түбегейлі күдер үзуге болмайды дейді мамандар. Айта кетейік, қазіргі таңда ел бойынша 400 мыңнан астам жерлесімізді осы созылмалы дерт дендеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде