{metadescription}
0:000:00
Демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Алдағы демалыстан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары үшін демалыс күндері сағат түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Кешегі Үкімет отырысынан кейін ел аумағында Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі үкіметтік комиссия дереу осындай шешімін шығара қойды. Бірақ ол үшін негізгі талап, қызметкерлер мен келушілерде тек жасыл мәртебе болуы керек. Яғни, бұрынғыдай көк түсті қонақтар емін-еркін кіріп-шыға алмайды деген сөз.

Үкіметтік комиссияның шешімі бойынша, ендігәрі вакцина алған немесе соңғы 7 күн ішінде ПТР тесті арқылы теріс нәтижесі анықталған адам ғана бизнес нысандарына кедергісіз кіріп-шыға алады. Оған қоса, қоғамдық көліктер сенбі күні де қатынай бастайды. Тек Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, карантин шаралары бір аптаға кешігіп, қыркүйектің 4-інен бастап жеңілдемек.

Яғни, алдағы сенбіден бастап «Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін сауда, ойын-сауық орталықтары, кафе-ресторандар, жаттығу залдары мен шаштараз, сұлулық салоны секілді түрлі қызмет көрсету орындары түнгі 12-ге дейін жұмыс істей береді. Ал «Ashyq» жүйесінің көшбасшыларына тіпті түнгі 2-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Айта кетерлігі, көк түстілер осы жолы еркін жүріп-тұратындардың қатарына алынбай отыр. Комиссия шешімінде тек «жасыл» мәртебесі барлар ғана деп анық көрсетілген. Демек, вакцинаны да алмай, ПТР-ді де тапсырмай жүргендер енді бір шешімге келуі керек.

Жалпы, елдегі карантин шектеулерін жеңілдетіп, қалыпты тіршілікке қайта оралу үшін халықтың вакцина салдыруға жататын бөлігінің кемінде 60 пайызы, яғни 10 миллион қазақстандық вакцина алуы керек еді. Кешегі ақпарат бойынша ковидқа қарсы вакцинаның бірінші бөлігін 6 жарым миллионға жуық адам, екінші бөлігін 5 миллионнан астам адам салдырған. Бұл дегеніңіз, вакцина салдыруға жататын халықтың 64 пайызы вакцинаның бірінші бөлігін, 50 пайызы екінші бөлігін салдырып үлгерді деген сөз. Яғни, 10 миллион көрсеткішті бағындыру Денсаулық сақтау министрлігіне әлі мүмкін болмай тұр. Соған қарамастан, үкіметтік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге көшкен.

Сондай-ақ, тамыз айының соңына дейін мектептердегі педагогтер мен техникалық персонал вакцина алып болуы тиіс. Тек медициналық қарсы көрсетілімдері барлар ғана бұл талаптан босатылады. Әрі білім ошақтары санитарлық талаптарға сай дайындалып, «ASHYQ» жүйесінің жұмысымен қамтамасыз етілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде