{metadescription}
0:000:00
Aster Аuto көлік таңдаудың жылдам әрі тиімді жолын ұсынады

Aster Аuto көлік таңдаудың жылдам әрі тиімді жолын ұсынады

Aster Аuto нарықта көлікті онлайн сатудың түрін ұсынған алғашқы компаниялардың бірі. Отандық автонарықта өз орны бар компанияның Aster.kz мобильдік қосымшасы мен сайты көлік таңдаудың жылдам әрі тиімді жолын ұсынып отыр.

Бұдан былай қазақстандықтар үйден шықпай-ақ аталған мобильдік қосымша арқылы темір тұлпардың техникалық жағдайымен толық танысып, бағасын қашықтан әп-сәтте есептей алады. Сондай-ақ, Aster Аuto мінілген машинаны техникалық кепілдікпен беретін алғашқы компания атанды.

Aster Аuto компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет көлікті қашықтан жеңіл әрі тиімді алып-сатудың жолдарын ұсынды. Бұдан былай тұтынушылар Аster.kz мобильдік қосымша арқылы уақыты мен қаражатын үнемдейтін болады. Яғни, сіз жүрілген автоның техникалық ахуалымен үйден шықпай-ақ танысасыз. Қосымшада темір тұлпардың артықшылығы мен кемшілігі туралы бар ақпарат та қолжетімді. 

Дмитрий Грабинский, Aster Аuto компаниясының бөлім басшысы:

- Aster.kz сайты мен мобильдік қосымшасы көліктің бағасын тез арада онлайн есептеп береді. Trade-in бағдарламасы арқылы кез келген адам бір күнде саудаласпай-ақ көрсетілген бағаға қалаған машинасын сатып ала алады. Уақытын да шығындамай, үйде отырып-ақ көлікті таңдауға немесе сатуға мүмкіндік бар. Осылайша, көлікті сатып алу әрі сату жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.

Aster.kz мобильдік қосымшасында жүрілген көлікті жаңасына айырбастауға да болады. Яғни, Trade-in бағдарламасы арқылы ескі көлігіңізді дилерге сатып, оның орнына су жаңа темір тұлпар немесе техникалык кепілдік берілетін жүрілген авто ала аласыз. Ал егер қалтаңыз көтермесе, бұл алғашқы жарна болып есептеліп, тиімді несие рәсімделеді. Бұл жұмысты Aster Аuto орталығында отыратын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен банк менеджерлері атқарады. 

Илья Буланов, Aster Auto компаниясының директоры:

- Aster Аuto Қазақстанда жүрілген көліктерге кепілдік беретін тұңғыш компания. Сіз жеті күннің ішінде сатып алған машинаңызды айырбастай аласыз. Көліктің қозғалтқышы мен беріліс қорабына отыз күндік тегін техникалық кепілдік береміз. Сондай-ақ, ақылы бір жылдық кепілдік те бар. Мобильдік қосымшада 20 мыңнан астам авто маркасы мен моделін таңдауға болады. Оның 16 мыңы толық тексеруден өткен.

Aster Auto су жаңа көліктер мен жүрілген темір тұлпарларды алып-сататын еліміздегі алғашы дилерлердің бірі. Компания республиканың түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайын. Сондықтан компанияның мобильдік қосымшасы мен сайтына кіріп, көңіліңіз қалаған көлікті таңдап немесе астыңыздағы ескі машинаны қолайлы бағаға сатуға асығыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде