Коронавирус құрбандары көбейді
Аурудан ажал құшатындар азаймай тұр. Елімізде соңғы тәулікте 6 мың 700 жаннан індет анықталып, 141 адам көз жұмған. Осылайша, республика бойынша пандемия басталғалы 8 мыңнан астам науқас бақилық болған.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
26.08.2021
Коронавирустың тіркелу көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Кешелі бері аталған шаһарда 1605 адам дертке шалдығыпты. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында кесел кеулеп, ауруға душар болғандар күрт артқан. Қазір елдегі инфекциялық стационарларда жиырма сегіз мыңға жуық науқас емделіп жатыр. 1857 адамның жағдайы өте ауыр. Жалпы, Қазақстанда 761 мыңнан астам адам вирусқа шалдығыпты. Былтыр тамыздан бері қос өкпесі қабынғандардың саны 69 мыңға таяды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!