{metadescription}
0:000:00
Жамбыл облысы: Жұрт жойқын дүмпуден басы ауған жаққа босып кеткен

Жамбыл облысы: Жұрт жойқын дүмпуден басы ауған жаққа босып кеткен

Жамбыл облысындағы жарылыста үй-жайын тастап тұра қашқан ауыл тұрғындары баспанасына орала бастады. Бірақ барлығы емес. Әскери қойманың айналасындағы кейбір елдімекен жұрты қауіптің беті қайтсын деп отыр.

Ал бизнес нысаны астаң-кестеңі шыққан кәсіпкерлер шығынды кімнен өндіріп аларын білмей жүр. Әскеи бөлім орналасқан елдімекенде КТК тілшісі жүр.

Әскери қойманың маңындағы ауыл тұрғындары үйіне қайта оралып жатыр. Олардың көбі абыр-сабырда баспанасын тастап көлікпен қашқан.

Жібек Жолы ауылының жұрты жарылысты көріп, зәре-құтымыз қалмады деп отыр. Жойқын дүмпуден кейін бұқара бас ауған жаққа босып кетіпті.

Бейсен Жүзгенбаев, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

- Жер сілкінгендей болды …

Жібек Жолы ауылы апат ошағынан бес шақырымда орналасқан. Жарылыс кесірінен көбінің есік-терезелері сыныпты. Ел амандығын тілеген ауыл ағайыны шығын туралы сөз қозғау артық дейді. 

Алтын Жүзгенбаева, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

- Ой біздің шығын түк емес…

Ал кәсіпкерлердің пікірі басқа. Олар шығынды есептейтін комиссия мүшелерін асыға күтіп жүр. Өйткені бизнесмендердің дүкен, мейрамхана, монша сынды нысандары қираған. Ғимараттардың қабырғасы қақырап, төбесі ортасына түсіп астаң-кестеңі шығыпты. Жарылыстың кесірінен көлігі бүлінген жүргізушілер де Байзақ ауданында жетерлік.

Әли Әшімбетов, Сарыкемер ауылының тұрғыны:

- Көлігімді тұраққа тастап кеткенмін ...

Баспанасына үреймен келіп жатқандардың арасында Үшбұлақ, Базарбай ауылының халқы да бар. Бірақ барлығы емес. Туыстары мен әкімдік ұсынған мектепті паналағандар қауіптің беті қайтқанда ғана оралуға бекінген.

Жарылыста бірнеше елдімекеннің мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген еді. Қазір мектепке уақытша паналағандардың саны едәуір азайды. Оларға оқиғаға бейжай қарамаған жұрт қолдан келгенше көмектесуде. Ал елдімекен ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтауға 300 полиция қызметкері мен Ұлттық Ұланның 500-ден астам сарбазы жұмылдырылған.

Олар иесіз қалған бос үйлерді ұры-қарыдан күні-түні күзетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде