Арыстағы жойқын жарылысты жұрт әлі ұмыта қойған жоқ
Елді дүрліктірген мұндай төтенше жағдай екі жыл бұрын Түркістан облысында болған еді. Арыс қаласында орналасқан оқ-дәрі қоймасындағы бірнеше жойқын жарылысты жұрт әлі ұмыта қойған жоқ.
Автор: Мақсат Мәлік
27.08.2021
2019 жылдың маусымында әскери бөлімдегі оқ-дәрі сақталған қоймада басталған жарылыс төрт адамның өмірін жалмады. Марқұмдардың арасында халық жансауғалап қашқан кезде көлік апатынан қаза тапқан бала да бар. Ал жарылыстың күшті болғаны соншалық, Арыс пен маңайдағы ауылдардан 40 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Ресми мәлімет бойынша 8 мыңға жуық тұрғын үй зақымданды. Тіпті бір айын бұрын ғана Арыстағы жарылысқа қатысы бар деген 16 адамға әскери сот--үкім кескен болатын. 12 сотталушы 4 және 10 жыл аралығында темір торға қамалса, қалған төрттеуі шартты мерзімге сотталды. Алайда әскерилер сол оқиғадан әлі сабақ алмаған секілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары