{metadescription}
0:000:00
Ақтаудағы «Жайлы мекен» ауыз су, газ, электр жарығына жарымай отыр

Ақтаудағы «Жайлы мекен» ауыз су, газ, электр жарығына жарымай отыр

Жайсыз болған мекен. Ақтаудағы «Жайлы мекен» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауыз су мен электр жарығына жарымай отырмыз деп шу шығарды. Берілгеніне үш жыл болған көпқабатты үйге әлі газ да тартылмаған.

Тіпті үй құжаты да берілмеген екен. Қаланың қақ ортасында тұрсақ та, инфрақұрылымнан жұрдаймыз деп ашынады жиналған жұрт. Тұрғындар мәселесін мердігер мекемеге де, қалалық әкімдікке де бірнеше рет айтқан. Бірақ олардың қимылдайтын түрі жоқ дейді. Тұрғындардың мәселесін КТК тілшісі тыңдап келді.   

- Осы жерден су аламыз. Күнде тасимыз алтыншы қабатқа. Бір тамшы су жоқ.

«Жайлы мекен» тұрғындарының күнделікті тіршілігі осы. Жоғары қабатта тұратындар бау-бақшаға арналған суды үйіне осылай тасып әлек. Онда да таңертең ерте қамданбаса, су кейде келмей қалады екен. Одан қалса электр қуаты да күніне екі рет өшетін көрінеді. Газ да жоқ. «Үш жылдан бері көріп келе жатқан бейнетіміз осы», - дейді тұрғындар.

Шамшадин Нұрмағанбет, тұрғын:

- Бұл үйде газ да жоқ. Барлығы тоқпен қамтамасыз етіліп тұр. Бірақ ол тоқтың өз жыры бар. Кейбір күндері күніне екі рет түстің алдында, кешке қарай сөніп қалады. Содан кешке қарай қап-қараңғы болып тұрады. Кешкі тоғыздарда жарық бергенде халықтың бәрі «Ура!» деп айқайлайды.  Су да, міне, айтып отыр ғой, алтыншы, жетінші қабаттарға жетпейді. Ол да кейде мұздай судың орнына ыстық су келеді. Ыстық судың орнына мұздай су келеді.    

Бұл аздай, тұрғындар үйінің құжатын да ала алмай жүр екен. Үш жылдан бері әкімдікке де барып, мердігер мекеменің де табалдырығын тоздырыпты. Жауаптылар күнде ертең кел деп жіберетін көрінеді.

Тұрсынай Балтабаева, тұрғын:

- Құжат жоқ. Күнде береді деп уәдеге сеніп жүрміз. Береміз деп өтірік алдап шығарып салады.

Мердігер мекеме өкілдері үйдің құжаты уақытында берілмеуінің өз себебі бар дейді. Айтуларынша, компанияның есепшоты сот орындаушыларының кесірінен бұғатталып қалыпты. Осылайша мемлекеттік тіркеуден өтуге мүмкіндік болмаған көрінеді. Енді тұрғындар сәл шыдаса бір айдың көлемінде барлығын жасайтынын айтады. Қалғаны содан соң шешіледі деп отыр.

Еркебұлан Сарман, мердігер мекеме директорының міндетін атқарушы:

- Құжаттары дайын болып қалды. Осы отырғанда 41 үйдікі дайын. Газ желілерінің бәрі тартылып тұр. Тек құжат жүзіндегі шаруалары қалды. Содан кейін барып іске қосылады. Техпаспорт шыққанан кейін. Қала бойынша басқа үйлерге қалай су барып тұр, бұл үйге де солай су келіп тұр. Біз арнайы мамандарды шақырып тексерттік. Біз енді ол сұрақты шешу үшін қосымша сорғыш қондырып жатырмыз. Білмеймін, ол көмектесе ме, жоқ па ...

Ал электр жарығының жиі өшуі жоғары кернеуден дейді мердігер мекеме өкілі. «Оны да жөндеп жатырмыз» деп ақталды. Тұрғындарға енді күтуден басқа амал жоқ. Қыркүйекте үйдің құжаты беріліп, газ жүргізіліп, су, электр жарығының мәселесі шешілмесе, наразы топ облыс әкіміне баруға бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде