{metadescription}
0:000:00
Биылғы оқу жылы несімен өзгеше?

Биылғы оқу жылы несімен өзгеше?

Биылғы оқу жылының басталуы бұрынғыдан өзгерек. Енді оқушылар мен студенттер оқу ғимаратының табалдырығын  тек «Ашық» жүйесі арқылы аттай алады.

Ал 12 жасқа дейінгі мектеп оқушылары үшін QR-кодты сканерлеп өту-өтпеуі өз еркінде. Ол туралы бүгін білім және ғылым вице-министрілері мәлім етті. Сондай-ақ министрлік еліміздегі педагогтардың 99 пайызы екпе алғанын жеткізді.

Ал ауру белгілері бар студенттер қашықтан білім алады. Университетке келіп оқып жүргендерден ПТР-тестілеудің нәтижесі талап етілмейді. Алайда жылжымалы сабақ кестесі жоспарланып отыр. Бір аудитория бір топ қағидасы да  қатаң сақталады. Білім және ғылым министірлігі ата-аналар арасында арнайы сауалнама жүргізіп көрген. Нәтижесінде олардың 20 пайызы балалардың дәстүрлі форматта білім алуына түбегейлі қарсы болған. Алайда оған қарамастан биылғы оқу жылы офлайн болмақ. Күрделі эпидимиологиялық ахуалды қаперге ала отырып 13 мыңнан аса бейнелі сабақтарды да жасақтап қойған.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Санитартық эпидимиологиялық жағдайлар ескеріле отырып, байланыста  болған оқушыларға синхрондық қашықтықтан оқыту форматы ұйымдастырылады. Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы аурулары бар науқастарға медециналық ұйым анықамалары негізінде синхрондық қашықтықтан оқыту форматы да ұсынылатын болады. Бұл оқушылар толық оқулықтармен, оқу контенті бар ақапараттық жүйемен электрондық журналдармен толық қамтылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде