Жарылыс: Таразға ауылдардан 83 бала көшірілген
Жамбылдағы жарылыс аймағынан эвакуацияланған балалар «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберілуі мүмкін. Білім және ғылым министрлігі осындай ұсыныс беріп отыр. Мұндай тәжірибе бұрынғы төтенше жағдайлар кезінде де қолданылған.
Автор: Ербол Тұрымбет
27.08.2021
Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жақын маңдағы елдімекендерден Тараз қаласына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Кеңес ауылдарына 83 баланы көшірген. Оларға қажет жағдай жасалып, ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Карантин талаптарын ескере отырып, ұйықтайтын орындар да дайындалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!