Әскери қойма маңындағы ауылдар айтарлықтай бүлінбеген – Жамбыл облысы
Әскери қоймаға жақын маңдағы ауылдар айтарлықтай бүлінбеген. Төтенше оқиғадан соң мамандар елдімекендерді аралап, жағдаймен танысып шықты деген Жамбыл облысының әкімі осындай мәлімдеме жасады. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, тұрғын үйлердің тек терезесі, есігі мен шатыры ғана зақымданған.
Автор: Мақсат Мәлік
27.08.2021
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:
- Жарылыс болған жерде үш елдімекен бар. Оның ең жақыны Қайнар бір шақырым, оған қоса тағы екі елдімекен бар. Қашықтығы бес шақырым. Осы үш елдімекенде 718 адам тұрады.
Сапарбаевтың сөзінше, ауылдарды аралаған мамандар ешбір үй мен өзге де нысандардың отқа оранбағанына көз жеткізген. Сол себепті келіп-кеткен үлкен шығын жоқ деген аймақ басшысы арнайы комиссия құрылғанын айтады. Облыс әкімі заң аясында шешім қабылдаймыз деп отыр. Десе де жойқын жарылыстың толқынынан бүлінген үйлер мен нысандар толық тексеруден өтеді. Соған сәйкес, зардап шеккен тұрғындарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!