{metadescription}
0:000:00
Жарылыс түнін Жамбыл жұртшылығы қалай өткізді?

Жарылыс түнін Жамбыл жұртшылығы қалай өткізді?

Әскери бөлімінен шыққан өрт қазір толық ауыздықталған. Оқиға орнында енді қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Бірақ әлі тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталған жоқ.

Бұл іспен арнайы құрылған комиссия айналысып жатыр. Кешеге түнді Жамбыл жұртшылығы қалай өткізді?

Түнгі дүрбелеңнің хронологиясы:

Әскери бөлімдегі өрт кеше кешке қарай тұтанған. Артынша қатты  жарылыстар болды. Шарпыған жалын мен көк түтін алыс аудандардан көрініп жатты. Ал дүмпулердің жойқын болғаны сонша, жақын маңдағы ғимараттарды тас-талқан етті. 

Бұл адам шошитын көріністер. Тіпті аспанға оқ-дәрілердің сынықтары ұшып жатты. Мұны көрген тұрғындар үйін тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Ең алдымен әскери бөлімге жақын орналасқан төрт ауыл тұрғындары қашты.

Таңшолпан Диханбаева, Байзақ ауданының тұрғыны:

Құжат та, ештеме ала алмадық. Үйіміз сілкініп жатқандай, қайдағы құжат?!  Құжат ойлайсың ба, баланы ойлайсың ба?

Бәрі Таразға қарай ағылды. Тіпті үрейленген ел Жуалы мен Рұрар Рысқұлов ауданына қарай өтіп кетуге асықты. 

Көше толы кептеліс. Көлігі бары көлікпен, машинасы жоғы жаяу-жалпы қалаға қарай қозғалды. Тіпті күре жолдағы қозғалыс тоқтап қалды. Ал полицейлер жарылыс аумағына қарай ешкімді өткізбей қойды. Жалпы саны 1200 адам баспанасын тастай қашты деген дерек бар. Оның ішінде 300-ге жуық тұрғын автобустармен қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуацияланғандардың бәрі облыс орталығындағы мектептерге жайғастырылған. Мұнда ас-су, төсек орны бәрі қамтамасыз етілген.

Қаладағы аурухана алдындағы көрініс. Сәт сайын мұнда жарылыстан жарақат алғандар жеткізіліп жатты. Емдеу мекемесенің маңында зардап шеккендердің туыстары жылап жүр. Өйткені көбі жақындары туралы мәлімет ала алмай қиналды.

Ең соңғы рет сөйлескенім сол, окопта жатырмын деді. Содан кейін хабарлассам, телефоны сөндірулі.

Қазір таңғы сағат төрт. Бұған дейін болған дүрбелең басылған. Ары-бері қатынаған көлік қозғалысы да сиреген. Дәл осы уақытта әскери бөлімде болып жатқан жарылыс тоқтаты. Соңғы дүмпу екі сағат бұрын болған еді. Ондағы өрт әлі сөндірілген жоқ, бірақ жалынның беті қайтқаны байқалады. Дегенмен әлі де қауіп бар тәрізді. Өйткені полицейлер машиналарды осы бағыт бойынша өткізбей жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде