АҚШ-та алапат дауыл
АҚШ-тың Луизиана штатына алапат дауыл жетіп, ойран салып жатыр! Оның күштілігі сонша, желдің жылдамдығы сағатына 241 шақырымға дейін жеткен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
30.08.2021
Салдарынан, ағаштар түп тамырымен қопарылып, ғимараттардың шатыры ұшып жатыр. Тіпті, «Ида» дауылы Миссисипи өзенінің ағатын бағытын өзгертіп жіберіпті. Сондай-ақ, табиғат апатынан электр желілері үзіліп, Жаңа Орлеан қаласы түгелдей жарықсыз қалды. Қазір дауылдан бір адамның қаза тапқаны белгілі. Оның үстіне ағаш құлап, басып қалған. Мамандар «Ида» штат тарихындағы ең алапат дауыл деп, дабыл қағып отыр. Еске салайық, 16 жыл бұрын дәл осы штатта «Катрина» дауылы соққан. Ол кезде өңірді су басып, 1800 адам қаза тапқан еді. Бұл жолы да су басу қаупі жоғары. Сондықтан, штат билігі тұрғындарға көмек күтпей, тез арада қауіпсіз жерге көшуге кеңес берді. Дегенмен, кеше дауылға бес балдық өлшемнің төртіншісі берілген болса, бүгін ол бірінші деңгейге дейін түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!