Кабул әуежайына зымыран атылды
Эвакуацияның ең қауіпті кезеңі! Ауғанстандағы АҚШ азаматтарын алып кету операциясы аяқталар тұста Кабул әуежайына зымыран атылды. Құдай сақтап, оларды Американың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ұстап қалған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
30.08.2021
Әуежайға жалпы саны 5 зымыран жіберіліпті. Бұл оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. АҚШ президенті шабуылдан хабардар екенін, алайда эвакуацияның одан әрі жалғасатынын мәлімдеді. Еске салайық, мұндағы билікті басып алған «Талибан» ұйымының басшылығымен келісім аясында Америка отыз бірінші тамызға дейін елдегі барлық күштерін алып кетуге тырысып жатыр. АҚШ кеше де әуежайда жасалмақ болған бір лаңкестік әрекеттің алдын алған. Яғни, көлікке жарылғыш заттар тиеп, әуежайға қарай бағыт алған содыр отырған көлікке әуе шабуылын жасады. Алайда, бұл оқиғадан бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Шабуылдан 12 адам ажал құшса, оның жетеуі бала екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!