Ауру айылын жимай тұр
Елімізде соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 127 адам қайтыс болды. Ал, қауіпті індет жұқтырған 495 науқас хәл үстінде жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
30.08.2021
Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда 5 мыңнан астам адамнан вирус табылған. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қауіп бұрынғысынша сейілмей тұр. Өткен аптаға қарағанда аймақтарда індет жұқтырғандар саны азайыпты. Әйтсе де тек Түркістан облысынан өзге өңірлер әлі қызыл аймақта. Мысалы, Ақтөбе облысында соңғы тәулікте 264 адам короновирус жұқтырған. Өткен аптада бұр көрсеткіш екі есе көп еді. Дегенмен мамандар санға қарап шүкіршілік етуге әлі ерте екенін айтады. Өйткені, ковид анықталғандардың көбісінің өкпесі қабынып, ауруханаға түсіп жатыр.
Рүстем Исаев, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Біздің ауруханаларда бүгін 1209 адам ем алуда. Соның ішінде қалада 908,аудандарда 301 адам ем алуда. Жансақтау бөлімшесінде 111 адам ем алуда. Соның ішінде қалада 84, ауданда 27.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!