{metadescription}
Марқұм Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді
Марқұм Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Марқұм Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Жамбыл облысындағы осы жарылыстан қаза тапқан Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Награданың ерекшелік белгісі алтын жұлдыз бен «Отан» ордені бүгін марқұмның отбасына табысталды. 

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі: 

- Бір отбасының қайғысы емес, бүкіл Қазақстанның қайғысы деп айтуға болады. Олар енді осы қазақстандықтардың тірі қалуы үшін, өмір сүруі үшін өздерінің жандарын қиды. Өкінішке қарай осы оқиғада біздің 14 жерлесіміз қаза тапты. Екі жерлесіміздің әлі де болса денесін таппай жатырмыз.

Марқұм Мейіржан Аймановтың «Халық қаһарманы» атағын туыстарына тапсыру қос министр мен облыс әкіміне жүктеліпті. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, жарылыста шейіт болғандарды еске алды. Жамбыл облыстық өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары болған Мейіржан Қақпасынұлы жарылыс болған сәтте оқиға орнына жеткен. Оқ-дәрі сақталған қоймадан бірнеше әріптесін сыртқа шығарып, құтқарып қалады. Қайта қоймаға кірген кезде екінші жарылыс болып, өзі жанып кеткен. 45 жастағы азаматтық қорғау полковнигінің артында жары мен бес баласы қалды. Ол өрт сөндіру қызметінде 26 жыл бойы қызмет еткен. 

- Жалғыз менің қайғым емес, қарап отсам қанша халық, ел.. Енді мұндай жағдай қайталанбаса екен деймін. Аналар, отбасылар, ешкім мұндай қайғы болмасын. 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде