{metadescription}
Халық санағы басталады
Халық санағы басталады

Халық санағы басталады

Ертеңнен бастап елімізде ұлттық халық санағы басталады. Екі ай бойы жүретін науқанда елдегі әрбір азаматқа 91 сұрақ қойылады. Оның қорытындысы бойынша алдағы уақытқа елдің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, миграциялық және басқа да дамуына болжам жасалмақ.

Барлығы 91 сұрақтың ішінде пандемияның отбасы кірісіне әсері, адамның коронавируспен ауырғаны мен вакцина алғаны қамтылған. Тіпті, елден кету туралы ниетінің бар-жоғы да сұралмақ. Одан бөлек, жас ерекшелігі, білім деңгейі, денсаулық жағдайы, еңбек өтілі, өмір сүру жағдайы мен отбасы құрылымы және неке жағдайы туралы деректер анықталады. Ертеңнен бастап 15-қазанға дейін жұрт «sanaq.gov.kz» сайтында өз мәліметін тәуліктің кез келген уақытында өзі толтыра алады. Одан қалыс қалғандарын кейін санақшылар қазанның 1-інен бастап әр үйді аралап жүріп толтырады. Айта кетейік, ұлттық санақ осымен үшінші рет өтейін деп отыр. Қазіргі статистика бойынша халық саны 19 миллионнан асып кетті. Ал санақтың әдепкі қорытындылары алдағы желтоқсан айында шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде