{metadescription}
0:000:00
Жарылыстан қаза тапқандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

Жарылыстан қаза тапқандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

Қорғаныс министрлігі Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан әскерилер мен төтенше жағдай қызметкерлерінің отбасына қаржылай қолдау көрсететін болды. Асыраушысынан айрылған отбастарының балаларын да қамқорлыққа алмақ.

Министрліктің хабарлауынша, жарылыстан  ауыр жарақат алған науқастар мен зардап шеккендерге заңгерлер мен психологтар, қаржыгерлерден құрылған мобильді топ көмек көрсетіп жатыр. Марқұм болған әскерилердің және Төтенше жағдай қызметкерлерінің отбасыларына қаржылай көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігі тарапынан қор да құрылған. Ал Қарулы күштердің құрамы бір күндік жәрдемақыны осы қорға аудару туралы шешім қабылдапты. Алдағы уақытта қара жамылған отбасыларға заңда бекітілген мөлшерде қаржылай көмек көрсетеміз, дейді Қорғаныс министрлігінің өкілдері. Оған қоса, жарылыс кезінде ажал құшқан қызметкерлердің отбасы мен балаларын өз қамқорлығына ала отырып, олардың түрлі әлеуметтік мәселелерінің  шығынын өтеуге уәде беріп отыр.

Серік Борамбаев, ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары:

- Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына және емдеу мекемелерінде  жатқан әскери қызметшілерге: әлеуметтік, психологиялық, және материалдық көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Отбасы мүшелерімен олардың балаларын мектепке даярлау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жерлеуге кеткен шығындар, ақшалай жәрдемақы көлемінде 5 жылға бір жолғы төлемдер беріледі. Тұрғын үй үшін өтемақы төлеу қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде