{metadescription}
Қаза тапқандардың өрт сөндірушілер екені расталды
Қаза тапқандардың өрт сөндірушілер екені расталды

Қаза тапқандардың өрт сөндірушілер екені расталды

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін мәйітханаға жеткізілген үш адамның жеке басы анықталды. Олардың денесін төрт күннен бері тану мүмкін болмай жатыр еді. Бүгін сараптама қорытындысы қаза тапқандардың өрт сөндірушілер екенін растады. Марқұмдардың денесі туыстарына табысталды. Ал, төртінші мәйттің кім екені әлі белгісіз.

Марқұмдардың жақындары соңғы сәтке дейін үміт үзбеді. Табылады, тірі деген сенімде болды. Сондықтан өздері іздеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ 4 күннен бері  хабар ала алмаған азаматтардың денесі мәйітханада жатыпты. Бүгін сараптама қорытындысы үшуінің де жеке басын анықтап берді.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі:

- Олар бірінші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 жылы туған. 4 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 жылғы. 4 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 жылғы.

Қаза тапқандардың денесі туыстарына табысталды. Ал, әскери  қызметкерлер Саят Әлімбаев пен Бауыржан Дәуітбаевтан еш хабар жоқ. Мәйтіханада бір адамның денесі жатыр. Ол мәйіт екеуінің біреуіне тиесілі болуы мүмкін. Ал бір адамды іздеу жұмыстары қарқынды жүруде.  

- Итпен іздеп жүр.

Кеше иісшіл иттің көмегімен 41 жастағы өрт сөндірушінің денесі үйіндінің астынан шығарылды. Сергей Заикин қалалық өрт сөндіру бөлімінде қарауыл басшысы болған. Оның артында екі баласы мен жары қалды. Бүгін марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды.

- Жылағандар

Александр Остапенко, марқұмның досы:

- Сергей өз ісіне жауапты адам еді. Ол әр кезде арқа сүйеуге дайын, сенімді дос болатын.  Оның қаза тапқанына, арамызда жоқ екеніне әлі сене алар емеспін. Бұл бәріміз үшін орны толмас өкінішті жағдай болды.

Осылайша әскери бөлімдегі жарылыстан 15 адам опат болды. 28 науқас ауруханада жатыр. Төртеуі ауыр хәлде. Ал қаза тапқандардың тоғызы өрт сөндіруші. Марқұмдардың отбасына бір реттік өтемақы төленетін болды. 

Ералы Ақылбеков, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Бір реттік көмек қаржы беру қарастылып отыр. Кімге қанша тиесілі екені есептеледі. Ол әр қызметкердің қанша жалақы алып келгеніне байланысты. Сол айлықтың 60 еселенген мөлшері отбасына беріледі.Зардап шеккендер де ескерусіз қалмайды.

Мына кадрлер әскери бөлімдегі жаралыстың қаншалықты жойқын болғанын айғақтайды. Дүмпуден ғимараттар дүр сілкініп, адамдарды ұшырып жатыр. Кей кісілер өлім аузынан қалған. Ал оқыс оқиғадан 106 тұрғын үй мен 12 коммерциялық нысан және үш мектеп бүлінген. Біреуі жарамсыз. Сондықтан Жібек Жолы ауылының оқушылары ертеңнен бастап Жаңатұрмыс елдімекеніне тасымалданатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде