Елордада ірі сауда үйі өртенді
Нұр-Сұлтанда ірі сауда үйі отқа оранды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тұрмыстық заттар сататын «Тұлпар» сауда орталығының жоғарғы қабатындағы бутиктер жанып кеткен. Қазір жедел топ өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Автор: Нұрболат Досжан
01.09.2021
Видеодан көріп отырғандарыңыздай, 4 қабатты сауда орталығының ең жоғарғы 4-ші қабатының терезелерінен қара түтін будақтап жатыр. Оны сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 19 техникасы мен жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылды. Әйтсе де, алапат жалынмен күресу оңайға соқпапты. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Бірақ материалдық шығын аз емес. Өйткені, тауарға толы ондаған бутик жанып кеткен. Айта кетейік, «Тұлпар» сауда үйі үй жиһазы мен тұрмысқа қажетті заттар сататын қаладағы ең ірі сауда орындарының бірі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!