Мектептерде қауіпсіздік күшейтілді
Маңғыстау облысындағы мектептерде қауіпсіздік күшейтілді. Білім күні қарсаңында өңірдегі 143 мектеп 100 пайыз дабыл түймесі және бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
01.09.2021
Камера білім ордасының тек ішін ғана емес, мектеп ауласын да түсіріп тұрады. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін қолға алынған жоба. Ал дабыл түймесі төтенше жағдай орын алғанда қосылады. Жаңа қондырғылар Ақтау мен Жаңаөзен қаласындағы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Бұл білім ошағындағы кез-келген келеңсіздікті полицейлердің бақылап отыруы үшін жасалды, дейді жауаптылар.
Гүлзада Еңсегенова, Ақтау қаласындағы №21 мектептің директоры:
- Біздің мектебімізде қазір 66 камера жұмыс жасайды. 66 камераның 48-і мектептің ішін түсірсе, 18-і мектеп ауласын түсіреді. Бір жақсы жаңалығымыз биылғы оқу жылында осы камераларымыз орталықтандырылған ішкі істер департаментіне қосылған болатын. Балдарымыздың, қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі үшін бізде дабыл түймесі жұмыс жасайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!