Фантастикалық суреттер көрмесі
Фантастикалық суреттер көрмесі. Ертеңнен бастап Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында ресейлік жас суретші Юлия Вирконың туындылары бейнелеу өнерін сүйер қауымға ұсынылады. «Жұмыс барысында» деп аталатын көрмеге қылқалам шебері 30-ға жуық картинасын әкелген.
Автор: Салтанат Шырынхан
02.09.2021
Олардың басым бөлігі еш жерде жарияланбаған суреттер. Тіпті арасында осыдан 2 күн бұрын ғана мұражайдағы Жанатай Шәрденов, Сабыр Мәмбеевтің туындыларынан алған әсерінен салынған бояуы кеппеген картиналар бар. Бір айға созылатын көрмеде суретшінің жұмыстары екі бөлімге бөлген. Сыртқысы «нәтиже» ал ішкі бөлігін «үдеріс» деп атапты. Алғашқысында туындылар қанық түстер мен фантастикалық кейіпкерлерден тұрады. Ал екіншісінде суретшінің жұмыс барысы бейнеленген. Онда жеке кескіндеме, эскиздер, нобайлар, эксперименттік және аяқталмаған жұмыстар көрсетілген. Осылайша қылқалам шебері өз көрмесінде картинаның дайын нұсқасын ғана көрсетіп қоймай, жасалу жолын да жіті түсіндіруге тырысқанын айтады.
Юлия Вирко, суретші:
- Мұндағы суретшілердің жұмыстарына қарай отырып, алған әсерім жайында моно-типтерді салуыма 2-3 күнім кетті. Негізінен өз жұмыстарымды Мәскеудегі шеберханамда жасап, осында арнайы әкелдік. Жеке көрмем алғаш рет Алматыда өткізілгелі жатыр. Осы шараға тура бір жыл дайындалдым. Ішіндегі "Уәделі сағым" деп аталатын топтамам сюжетті әңгімелеудің тұтастығы және құндылығымен ерекшеленеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!