{metadescription}
Массаждан шыққан шу
Массаждан шыққан шу

Массаждан шыққан шу

Алматыда медициналық орталықта массаж алуға барған әйел өртеніп кете жаздады.  Мағзума Қазбекованың айтуынша, косметологиялық  клиника қызметкерінің салғырттығынан оң жамбасы оңбай күйіп қалған. Алғашқы көмек дұрыс көрсетілмегендіктен отқа орандым деген ол әлі күнге дейін кінәлі тараптан ешкім кешірім сұрап келмегенін айтып мұң шағады. Алайда, мәмілеге келсек барлық шығынды өтеуге әзірміз деген клиника өкілдері мәселенің ушығып кеткеніне клиенттің өзін кінәлап отыр.

Массаж алуға келгенмін. Енді міне денем күйіп қалды

Оң жамбасы оңбай күйіп қалған Мағзума Қазбекова сол күнді қорқынышпен еске алады. Орта жастағы әйел медициналық орталық қызметкерлері қоңырау шалып қоймағасын сол жаққа барғанын айтады. Ондағылар кейбір қызмет түрлері тегін деп қызықтырыпты. Соңында ақшасы жоқтығын айтқан Мағзуманы 300 мың теңгеге жуық несие рәсімдеуге көндірген.  Зардап шеккен әйел бірінші күні емдік шаралар ойдағыдай өтті дейді. Алайда, ертесіне арқасына банкі қойып отты массаж жасағанда өртеніп кете жаздадым деп мұң шағады.   

Мағзума Қазбекова:

- Екі-үші секундтың ішінде болды. Ысып кетті ме деп едім, ана бала астымдағы одноразовый простинаны басып жіберді. Ойбай деп мен жұлмалай бастадым. Артымдағы банкілерді итеріп-итеріп тастады. Білмеймін ғой, арқасы жанып кете жаздады деп ойлады ма. Мынау деген былай жанып жатыр.

Қас-қағым сәтте отқа оранған әйелге косметологиялық бағытта қызмет ететін орталықта алғашқы көмек көрсетілмеген. Жалма-жан таныс заңгерін шақырған ол үйіне өз күшімен әрең жетіпті. Кейін анықталғандай, массаж жасайтын маман спирт төгіп алып, соның кесірінен от тұтанған.  Содан бері жүріп-тұруы қиындаған зардап шегуші   ешкімнің кешірім сұрап келмегеніне өкпелі. 

Мағзума Қазбекова

- Кешіріңіз деген не жоқ. Көмегіміз керек, кешіріңіз деегн сияқты. Басында ана бала бүкіл расходыңызды мойыныма аламын деп айтты. Енді бәрі біткеннен кейін маған, шамам келмейді дейді.

Медициналық орталықтың басшылығы қызметкерлердің қателігін кеш естідік деп ақталғаннан басқа мардымды жауап қатпаған көрінеді. Ал сол күнгі сорақылыққа куә болған заңгер адамгершіліктен аттаған клиниканың кемшілігі екі ортадағы келісім-шарттан көрініп тұр дейді. 

Алмас Күнгейбаев, заңгер

- Сол пациенттің құқұығы жазылмаған келісім-шарт жөнінде. Келісім-шартта медициналық орталық өзінің ғана пайдасын ойлап жазған.

Ал орталық өкілдері ісіне салғырт қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілгенін айтады. Шығынды өтеуге әзірміз деп ақталғандар шетін жағдайдан кейінгі келіспеушілік клиенттің өзіне байланысты дейді.

Руслан Мұқанов, «Venus medikal kz» ЖШС ресми өкілі:

- Клиентіміз күйік алған. Оны мойындаймыз. Кешірім сұраймыз. Моральдық-материалдық шығынын өтеуге толығымен дайынбыз. Біздің клиент ресми түрде бізге хабарласқан жоқ. Ол хабарласса бәріне дайынбыз.

Десе де медициналық орталықтан көңілі қалған Мағзума Қазбекова полиция арызданыпты. Моральдық және материалдық шығынды өтеп беруді талап еткен әйел барлығын сот арқылы шешпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде