{metadescription}
Ойыншық тапаншамен тонаған
Ойыншық тапаншамен тонаған

Ойыншық тапаншамен тонаған

Ақтөбеде шағын несие беретін мекемені тонаған күдікті ұсталды. Медициналық бетперде киген жігіт кассирді ойыншық тапаншамен қорқытқан. 

- А, мама! Не ақша?

- Сейфтин ішінен сал, бол!

Қаржы ұйымынан көп ақша алып шығамын деп ойласа керек, ұры қолына жүк дорбасын арқалай келіпті. Бірақ кассада не бары 74 мың теңге болған. Соны сөмкесіне салғанша, бөлменің есігін басқа қызметкер сырттан кілттеп үлгереді. Ал күдікті болса ағаш есікті теуіп сындырып, кассирмен бірге шығады. Дегенмен, ол көп ұзамай ұсталды. Қарақшылықпен келген табысының бір бөлігін жаратып та үлгеріпті. 

Күдікті:

- Ақша керек болғасын мен амалсыздан сол жағдайға бардым. Шағын несие ұйымын тонауға. Өзімде бұрыннан қалған кішкентай баланың қаруы болды ойыншық. Қылмысты істегеннен кейін сол жерден былай сол жерден таксимен кетіп қалдым. Сол ақшаның шетінен таксиге төледім. Сосын үйден шығып, барып мен үш жарым мың теңгені барып құрттым өзіме.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде