Карта үшін қырқыс
Карта үшін қырқыс. Елордада оқушыларға тегін берілетін жол картасын алу үшін «CTS» компаниясының кассасына қалың нөпір адам жиналып қалды. Сағаттап кезекке тұрып қалғандарға мекеме қызметкерлері жедел қызмет көрсетсе де адам қарасы азаяр емес.
Автор: Нұрболат Досжан
02.09.2021
Үмітай Сейсенбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Екі немерем бар. Екеуінінде түрлері кішкентай кезінде мектептен берілген. Бірақ, мынау автобус тексерушілер, аяқ астынан астынан түрлерін ұқсамайды деп оларды автобустан шығарып жібереді. Амалсыздан бүгін келіп тұрмын. Содан 1 сағат 10 минут маршрутпен жүріп келдім. Әр жерде район-районмен ашуға болмайды ма? Неге осында халық қазір кешкі 6-ға дейін үлгереміз бе, жоқ па ол белгісіз.
Елордада 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тегін жол жүру картасын беретін орталық біреу ғана. Сондықтан, олар 5-6 сағаттап өз кезегін күтуге мәжбүр. Жиналғандар мектептерден арнайы пунктер ашылса, уақытымызды босқа жоғалтпас едік дейді. Сондықтан жауапты орындардың осы жағдайды неліктен ретке келтірмегеніне қапалы. Құзырлы мекеме өкілдері мұнда кезек күтпей-ақ, кез-келген азамат онлайн өтініш бере алатынын, ол бес жұмыс күні ішінде дайын болатынын түсіндірумен әлек. Алайда осындай онлайн өтініш беріп, дайын болған картаны алуға құлықсыз мыңға жуық адам бар екен. Ал бүгінгі жағдайға олар осы уақытқа дейін немқұрайлық танытқан ата-аналардың өздерін кінәлап отыр.
Науат Азанбаева, «CTS» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің басшысы:
- Кейбір жауапты ата-аналар өздері жаз бойы келіп өздерінің балаларына карта алатын болатын. Ал өзіңіз көріп отырсыз, карта жоқ екендігін бүгін ғана біліп отыр. Өзіңіз көріп отырғандай үлкен кезек пайда болып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!