{metadescription}
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары қомақты сыйақы алады
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары қомақты сыйақы алады

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары қомақты сыйақы алады

Халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары 4 жарым миллион теңгеге жуық біржолғы сыйақы алады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Жолдауында берген тапсырмасынан кейін арада бір күн өтпестен Білім және ғылым министрлігі сыйақы көлемін белгілеп те қойды. Әрі сол жүлдегерлерді дайындаған педагог-тәлімгерлер де біржолғы сыйақы иеленеді.

Енді халықаралық пәндік олимпиадаларда алтын жүлде иеленгендер мың жарым айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы алады. Күміс жүлдегерлерге мың, қола жүлде алғандарға 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Министрліктің мәлімдеуінше, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант тағайындау мәселесі де заңмен бекітілмек. Айта кетейік, биыл ірі халықаралық жарыстарда оқушылар 26 медаль жеңіп алып, рекордты жаңартқан. Оның екеуі алтын, 13-і күміс және 11-і қола медаль.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.