Тексеруге қойылған мораторий алынуы мүмкін
Микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге қойылған мораторий алынуы мүмкін. Қаржы министрлігі осы мәселені қарастыруды сұрап отыр. Өйткені, бюджет түсімі азайып қалған.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.09.2021
Бизнестің бұл түрлерін тексеруге былтыр үшжылдық шектеу қойылған еді. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, соның кесірінен кассалық тәртіп төмендеп кеткен. Яғни, түсінікті тілмен айтқанда, жүгенсіз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде пайдалануға көшкен. Министрдің сөзінше, мораторийді алып тастау мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, министрлік халықаралық тәжірибе бойынша пилоттық жоба ретінде ірі бизнеске горизонталды мониторинг жүргізе бастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!