Азық-түлік бағасын тікелей министрлік қадағалайды
Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағаларының шарықтап кетпеуіне тікелей жауапты орган болып бекітілді. Олар енді азық түрлері қымбаттай бастаса, бұрынғыдай жергілікті әкімдіктерге сілтеп отырмауы тиіс.
Автор: Нұрболат Досжан
02.09.2021
Бұдан былай министрлік азық-түлік тауарларының бағасын өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықта бүкіл тізбекті қадағалап отырады. Сондықтан Сауда министрлігі бір ай мерзім ішінде Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да тиісті органдардан азық бағасын қадағалау міндеттерін өзіне аударып алу керек. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде жеке шаруашылықтардың көтерме-тарату орталықтары жүйесіне қол жеткізуі жеңілдетілмек. Сол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейе түседі дейді министрлік өкілдері.
Ержан Қазанбаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Біздің мақсатымыз азық-түлік тауарларының ағындары мен бағаларын мониторингтеу мен болжаудың дұрыс және тиімді жүйесін құру. Бұл мемлекетке нарық конъектурасы мен баға өзгеруіне уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!